2006 жылғы 17 - 19 мамырда Алматы қаласында "Орталық Азияда орнықты даму үшін жаңғыртылып отыратын энергияның стратегиялық ролі" атты ЮНЕСКО-ның министрлер деңгейіндегі өңірлік конференциясын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 23 мамырдағы N 138-ө Өкімі

      ЮНЕСКО-ның министрлер деңгейіндегі өңірлік конференциясын дайындауды және өткізуді тиімді ұйымдастыру мақсатында:

      1. 2006 жылғы 17-19 мамырда Алматы қаласында "Орталық Азияда орнықты даму үшін жаңғыртылып отыратын энергияның стратегиялық ролі" атты ЮНЕСКО-ның министрлер деңгейіндегі өңірлік конференциясы (бұдан әрі - конференция) өткізілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Конференцияны дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне конференцияның қосымшаға сәйкес құрамдағы 17 қатысушысына қонақ үйде тұруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 1364000 (бір миллион үш жүз алпыс төрт мың) теңге сомасында қаражат бөлсін.

      4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мүдделі ұйымдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2006 жылғы 23 мамырдағы
                                                N 138-ө өкімімен
                                                   бекітілген

            2006 жылғы 17 - 19 мамырда Алматы қаласында
   "Орталық Азияда орнықты даму үшін жаңғыртылып отыратын
  энергияның стратегиялық ролі" атты ЮНЕСКО-ның министрлер
  деңгейіндегі өңірлік конференциясын дайындау және өткізу
                 жөніндегі іс-шаралар жоспары

N

Іс-шара

Орындалу
мерзімі

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

1. Ұйымдастыру мәселелері

1

Конференцияға ресми
қазақстандық делегацияның
құрамын және Қазақстаннан
басқа да қатысушыларды
анықтау

5 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі

2

Конференцияның қатысушы-
ларына шақыру хаттар,
анкеталар жіберу

25 наурызға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі

3

Конференцияның қатысушы-
ларынан түскен анкеталар-
ды өңдеу және талдау

5 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

4

Делегациялар мен конфе-
ренция қатысушыларының
жүру бағыттары бойынша
қаланы безендіруді
қамтамасыз ету

14 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
Алматы қаласының
әкімдігі

5

Қонақ үй нөмірлерін
брондау, конференцияның
ресми делегацияларының
мүшелерін және олармен
бірге жүретін адамдарды
орналастыру және оларға
қызмет көрсету жөнінде
қажетті шаралар қабылдау

5 мамырға дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

6

Конференцияның қатысушы-
ларына кедендік рәсімдер-
ден өту кезінде жәрдем
көрсету

16 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қаржы министр-
лігінің Кедендік
бақылау комитеті

7

Алматы қаласының
әуежайында конференцияның
қонақтарын қарсы алуды
және шығарып салуды
қамтамасыз ету

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі

8

Конференцияның қатысу-
шылары мен қонақтарын
визалық қолдауды қамтама-
сыз ету

10 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі

9

Залдарды дайындауды және
ресімдеуді, ілеспе аудар-
ма үшін жағдайларды және
конференция қатысушылары-
ның сөз сөйлеуін визуалды
сүйемелдеуді қамтамасыз
ету

15 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі

10

ЮНЕСКО-ның атқару кеңесі-
нің жұмысы үшін жағдайлар
жасау, конференция жұмы-
сын техникалық қамтамасыз
ету, таратылатын матери-
алды дайындау

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі

11

Конференцияның қатысушы-
лары арасында екітарапты
және көптарапты кездесу-
лерді ұйымдастыру

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі

12

Конференцияның қонақтары
мен қатысушылары үшін
Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің атынан ресми
қабылдауды ұйымдастыру

17-18 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі

13

Конференцияның қатысушы-
лары үшін мәдени бағдар-
лама дайындау

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі, Алматы
қаласының әкімдігі

2. Ақпараттық қамтамасыз ету

14

ЮНЕСКО-ның атқару кеңесі
үшін Қазақстан туралы
ақпараттық және бейне
материалдар дайындау

15 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі, Қазақс-
тан Республикасы
Мәдениет және ақпа-
рат министрлігі

15

Конференцияны дайындау,
өткізу барысын және
қорытындыларын бұқаралық
ақпарат құралдарында
ақпараттық жария етуді
қамтамасыз ету

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Мәдениет және
ақпарат министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

16

Интернеттің жаһандық
желісіне шығуды ұйымдас-
тыра отырып баспасөз
орталығының жұмысын
ұйымдастыру

16 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Мәдениет және
ақпарат министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
"Қазақтелеком"
акционерлік қоғамы

17

Конференцияның
ақпараттық-анықтамалық
материалдарын дайындау
және басып шығару

10 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

18

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде конференцияның
материалдары бойынша жинақ басып шығаруды қамтамасыз ету

1 шілдеге
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі, Қазақс-
тан Республикасы
Энергетика және
минералдық ресурстар
министрлігі

3. Отырыстарды өткізуге арналған үй жайларды ұйымдастыру

19

Тақырыптық топтардың оты-
рыстарын өткізуге арнал-
ған залдарды ұйымдастыру
(40-50 адамнан 5 топ)

16 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

4. Конференцияның бас залын дайындау жөніндегі шаралар

20

Мыналарды: 2 ақпараттық
проекторды, 1 диапроек-
торды, 2 экранды, Интер-
нет желісіне рұқсаты бар
және ол арқылы хабар
тарататын ағылшын тілінде
интерфейс бар 2 дербес
компьютерді қоса алғанда,
конференцияның ағылшын
және орыс тілдеріне ілес-
пе аударма үшін жабдық-
талған 250 адамға арнал-
ған бас залын ұйымдастыру

15 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
"Қазақтелеком"
акционерлік қоғамы

5. Конференцияның ұйымдастыру комитеті

21

Логистиканы ("Алатау"
санаторийіне орындарды
брондауды және жергілікті
тасымалдауды қоса алған-
да) және ЮНЕСКО-ның
атқару кеңесінің сұрау
салуы бойынша әкімшілік-
шаруашылық қызмет
көрсетуді қамтамасыз ету 

15 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

22

ЮНЕСКО-ның атқару кеңесі-
нің сұрау салуы бойынша
құжаттарды көбейту және
бөлу

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

23

Шетелдік және отандық БАҚ
өкілдерін аккредитация-
лауды қамтамасыз ету

16 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі

24

ЮНЕСКО-ның атқару
кеңесінің веб-сайтына
қосылу

16 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
"Қазақтелеком"
акционерлік қоғамы

25

Тіркеу/ақпарат үстеліне
қызмет көрсету үшін ағыл-
шын тілінде пікірлесуге
қабілетті персоналды және
іссапар шығындарын бөлуді
қоса алғанда, конференция
қатысушыларын тіркеу үшін
ағылшын тілінде сөйлесуге
қабілетті персоналды
қамтамасыз ету

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

26

ЮНЕСКО-ның атқару кеңесі-
нің ресми құжаттарын
аударуды (ағылшын, қазақ
және орыс тілдері)
қамтамасыз ету

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

27

Дербес компьютерлерді,
бейне, аудио, коммуника-
циялық, дыбыс және жарық
техникасын қоса алғанда,
техникалық жабдықтың
жұмыс істеуі үшін жауапты
персоналды қамтамасыз ету

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
"Қазақтелеком"
акционерлік қоғамы

6. Конференцияның штабтарын дайындау жөніндегі шаралар

28

Конференцияны өткізуді
техникалық қамтамасыз ету
(Интернет желісіне рұқса-
ты бар, ағылшын тілінде
интерфейс бар 15 және
орыс тілінде интерфейс
бар 5 дербес компьютер-
лер, 1 жоғары жылдамдықты
принтер, қағазды сұрыптау
және қыстыру функциялары-
мен 2 фотокөшіру машина-
лары, факсимильді байла-
ныс қызметін көрсететін
арнайы аппарат)

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
"Қазақтелеком"
акционерлік қоғамы

29

Отырыс хатшылығының
офистері үшін офистік
керек-жарақтармен қамта-
масыз ету (қағаз, қыстыр-
ғыштар, штрих, дискілер,
қайшылар, желім, стикер-
лер, маркерлер және т.б.)

16 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
"Қазақтелеком"
акционерлік қоғамы

30

Фотокөшірме машиналарына
арналған жеткілікті қағаз
көлемін қамтамасыз ету

16 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
"Қазақтелеком"
акционерлік қоғамы

7. Ауызша және жазбаша аудармадағы қажеттіліктер

31

Ілеспе аудармалармен қам-
тамасыз ету (ағылшын және
орыс тілдері), аудармашы-
ларды іріктеу және аудар-
машылар үшін жұмыс кесте-
сін дайындау

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

32

Қазақстан ресми делега-
циясының басшылығын
дәйекті аудармамен қамта-
масыз ету (ағылшын және
орыс тілдері)

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
"Қазақтелеком"
акционерлік қоғамы

8. Басқа практикалық шаралар

33

Конференция үзілістерінде
кофе, шай және алкоголь-
сыз сусындар ұйымдастыру

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
"Қазақтелеком"
акционерлік қоғамы

34

Конференция уақытына
фотографты қамтамасыз ету

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

35

"Алатау" санаторийінде
банк қызметтерін және
валюта айырбастау
жөніндегі қызметтерді
ұйымдастыру

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі,
"Алатау" санаторийі»
акционерлік қоғамы-
ның басшылығы 

36

Конференцияның қатысушы-
лары үшін түскі ас ұйым-
дастыру (өзбетінше
төлейді)

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

9. Баспасөз

37

Отандық БАҚ-та конферен-
цияның шеңберінде өткізі-
летін іс-шаралардың
ақпараттық жария етілуін
қамтамасыз ету

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі, Қазақстан Республи-
касы Мәдениет және
ақпарат министрлігі 

38

Конференцияның баспасөз
орталығын ұйымдастыру,
журналистерді аккредита-
циялау, баспасөз конфе-
ренциясын ұйымдастыру

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі, Қазақстан Республи-
касы Мәдениет және
ақпарат министрлігі

10. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету

39

Ресми делегациялар мүше-
лерінің тұратын, баратын
және конференцияны өткізу
орындарында қауіпсізді-
гін, Қазақстан Республи-
касы Ішкі істер министр-
лігі Жол полициясы депар-
таментінің автомашинала-
рымен жүру бағыттары
бойынша алып жүруін,
сондай-ақ конференцияны
өткізу орындарында қоғам-
дық тәртіпті қамтамасыз
ету

16-19 мамыр

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі, Қазақстан Республи-
касы Ішкі істер
министрлігі

40

Персоналды, Хатшылықты,
VІР-персоналдарды, ресми
делегаттарды, БАҚ
өкілдерін бейдждермен
қамтамасыз ету

16 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі

11. Конференцияда сөйленетін сөздердің жобалары

41

Мыналардың сөйлейтін сөздерінің жобаларын
дайындау:
 Қазақстан Республикасы
 Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
 Қазақстан Республикасы
Энергетика және минерал-
дық ресурстар министрінің

16 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі, Қазақстан Республи-
касы Энергетика және
минералдық ресурстар
министрлігі

42

ЮНЕСКО-ның атқару кеңесі-
мен бірлесіп конференция-
ның қорытынды құжаттары-
ның жобаларын дайындау

16 мамырға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі, Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі

12. Конференцияны қорытындылау

43

Мемлекеттік орталық және
жергілікті атқарушы органдардың конференция-
ның қорытындысы бойынша есебін дайындау және оны ұсыну

5 маусымға
дейін

Қазақстан Республи-
касы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі, Қазақстан Республи-
касы Сыртқы істер
министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Энергетика және
минералдық ресурстар
министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Мәдениет және
ақпарат министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Ішкі істер
министрлігі,
Қазақстан Республи-
касы Қаржы министр-
лігінің Кедендік
бақылау комитеті,
Алматы қаласының
әкімдігі 

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2006 жылғы 23 мамырдағы
                                                N 138-ө өкіміне
                                                      қосымша

               Конференцияға қатысушылардың тізімі
      (2006 жылғы 17-19 мамыр кезеңінде, Алматы қаласында)

N№

Ел

Аты-жөні

Лауазымы

Сөз
сөйлеу тақырыбы

1.

Ауғанстан
Ислам
Республикасы

Мохаммед
Исмаэль Хан

Энергетика және
су шаруашылығы
министрі

Ауғанстанның
жаңғыртылып
отыратын энергия
жөніндегі ұлттық
жоспары

2.

Әзірбайжан
Республикасы

Новруз
Гулиев

Экология және
табиғи ресурстар
министрінің
орынбасары

Әзірбайжан
Республикасының
жаңғыртылып
отыратын энергия
жөніндегі ұлттық
жоспары

3.

Қытай Халық
Республикасы

Ма Кай

Даму және реформа
жөніндегі ұлттық
комиссияның
төрағасы

Қытай Халық
Республикасының
жаңғыртылып
отыратын энергия
жөніндегі ұлттық
жоспары

4.

Иран Ислам
Республикасы

Фатеме Ваез
Джавади

Иран
Президентінің
орынбасары,
Қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі
ұйымның төрағасы

Иран Ислам
Республикасының
жаңғыртылып
отыратын энергия
жөніндегі ұлттық
жоспары

5.

Түрік
Республикасы

Хилми
Гулеру

Энергетика және
табиғи ресурстар
министрі

Түрік
Республикасының
жаңғыртылып
отыратын энергия
жөніндегі ұлттық
жоспары

6.

Ресей
Федерациясы

Трутнев
Юрий
Петрович

Табиғи ресурстар
министрі

Ресей
Федерациясының
жаңғыртылып
отыратын энергия
жөніндегі ұлттық
жоспары

7.

Монғолия

Бадерчеин
Эрдэнэбат

Отын-энергетика
өнеркәсібі
министрі

Монғолияның
жаңғыртылып
отыратын энергия
жөніндегі ұлттық
жоспары

8.
 
 
 
 
 
 
9.

Қырғыз
Республикасы

Рустамбеков
Жаныш
 
 
 
 
 
Керенқұлов
Медетбек
Темербекович

Экология және
төтенше жағдайлар
министрі
 
 
 
 
Экономикалық
даму, өнеркәсіп
және сауда
министрі

"Қырғыз
Республикасында
жаңғыртылып
отыратын энергия
көздерін дамыту
перспективалары"

10.
 
 
 
 
 
 
11.

Тәжікстан
Республикасы

Нұрмұхамадов
Еров Ерович
 
 
 
 
 
Назиров
Абдукохир
Абдурасулович

Энергетика
министрі
 
 
 
 
 
Мелиорация және
су шаруашылығы
министрі

Тәжікстан
Республикасының
жаңғыртылып
отыратын
энергиясының
ұлттық жоспары

12.
 
 
 
 
 
13.

Түркіменстан

Акмурадов
Мактумкули
Тиясович
 
 
 
Атаев
Гурбанмурад

Табиғат қорғау
министрі
 
 
 
 
Мұнай-газ
өнеркәсібі және
минералдық
ресурстар
министрі

Түркіменстанның
жаңғыртылып
отыратын энергия
жөніндегі ұлттық
жоспары

14.
 
 
 
 
 
 
15.

Өзбекстан
Республикасы

Исмаилов
Сайфуддин
Умарович
 
 
 
 
Ахмедов
Нурмухаммад

Ауыл шаруашылығы
министрі
 
 
 
 
 
Геология және
минералдық
ресурстар
мемлекеттік
комитетінің
төрағасы

Өзбекстан
Республикасының
жаңғыртылып
отыратын энергия
женіндегі ұлттық
жоспары

                       ЮНЕСКО және ИСЕСКО

16.

ЮНЕСКО

Вальтер
Эрделен

Бас директордың
орынбасары

  

17.

ИСЕСКО

Абдулазиз
Альваижри

Бас директор

  

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады