2006 жылғы 31 мамыр - 3 маусымда Астана және Алматы қалаларында Сингапур Республикасының сыртқы iстер министрi Джордж Еоның Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
қосымшаға сәйкес сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
делегация мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 1400000 (бiр миллион төрт жүз мың) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитеті делегация мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
4. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi делегацияны әуежайлардың жоғары лауазымды тұлғаларға арналған залдарында қарсы алу және шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайларын безендiру, мәдени бағдарлама ұйымдастыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы өкiмнiң іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2006 жылғы 30 мамырдағы
N 144-ө өкiмiне
қосымша
Сингапур Республикасының сыртқы iстер министрi Джордж Ео бастаған делегацияның мyшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары
1. Сингапур Республикасы делегациясының мүшелерiн Астана мен Алматы қалаларындағы "Риксос-Президент" және "Риджент-Анкара" қонақ үйлерiне 1+5 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн Астана мен Алматы қалаларында "Риксос-Президент" және "Риджент-Анкара" қонақ үйлерiне орналастыру.
3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверткалар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Сингапур Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Сингапур Республикасының делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Қазақстан Республикасы сыртқы iстер министрiнiң атынан Сингапур Республикасы делегациясының мүшелерiне Астана қаласында қабылдау ұйымдастыру.
7. Сингапур Республикасы делегациясының мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға болатын орындарында медициналық қызмет көрсету.