Қазақстан Республикасында қазақстан-қытай өсiмдiктердi қорғау саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi жұмыс тобының кезектi отырысын өткiзуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 1 маусымдағы N 148-ө Өкімі

      2006 жылғы 5 - 9 маусым кезеңiнде қазақстан-қытай өсiмдiктердi қорғау саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi жұмыс тобының кезектi отырысын өткiзуге байланысты:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне Қытай Халық Республикасы делегациясы мүшелерiнiң Алматы қаласында қонақ үйде тұруына байланысты шығыстарға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 399000 (үш жүз тоқсан тоғыз мың) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады