Грузияның Премьер-Министрi Зураб Ногаиделидiң Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 1 маусымдағы N 149-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және Грузия Премьер-Министрi Зураб Ногаиделидiң 2006 жылғы 1 - 2 маусымдағы Астана қаласына жұмыс сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Грузия делегациясының мүшелерiне "1+4" форматы бойынша қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2006 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Грузия делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесіп, Грузия Премьер-Министрi Зураб Ногаиделидiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      7. Астана қаласының әкiмi Грузия делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Астана қаласының әкiмiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы мен Грузияның мүдделi мемлекеттiк органдары өкiлдерiнiң, кәсiпкерлерiнiң қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырсын.

      9. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң 
2006 жылғы 1 маусымдағы
N 149-ө өкiмiне  
қосымша      

  Грузия делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету
жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Грузия делегациясының мүшелерiн Астана қаласындағы "Риксос Президент" қонақ үйiне 1+4 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн Астанадағы "Риксос Президент" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Грузия делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Грузия делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К. Ахметовтiң атынан Грузия Премьер-Министрi Зураб Ногаиделидiң құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Делегация мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады