Пайдаланылып отырған объектілердің өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауын тексеру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 5 маусымдағы N 151-ө Өкімі

      Республика бойынша көп қабатты объектiлерде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бiр ай мерзiм iшiнде барлық пайдаланылып отырған көп қабатты үйлер мен ғимараттардың өрт қауiпсiздiгiне тексерудi жүзеге асырсын;
      жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне берсiн.

      2. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Төтенше жағдайлар министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады