Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң IV жастар Дельфийлiк ойындарын өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 177-ө Өкімі

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2006 жылғы 24 - 30 қазанда Астана қаласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң IV жастар Дельфийлiк ойындарын өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қоса берiліп отырған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң IV жастар Дельфийлiк ойындарын (бұдан әрi - ойындар) дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, ойындарды дайындауды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған тiзiм бойынша ойындарға қатысушыларға, қазылар алқасының мүшелерiне және құрметтi қонақтарға визалық қолдау көрсетсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi қоғамдық тәртiптiң сақталуын және ойындарға қатысушылардың, қазылар алқасының және қонақтардың болатын, тұратын және iс-шаралар өтетiн орындарда қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi ойындарға қатысушыларды, қазылар алқасын және қонақтарды көлiкпен қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi ойындарға қатысушыларға, қонақтарға және қазылар алқасының мүшелерiне медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн.

      8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi ойындарды дайындау және өткiзу барысын, сондай-ақ олардың ашылуы мен жабылуы бойынша салтанатты iс-шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етудi қамтамасыз етсiн.

      9. Астана қаласының әкiмдiгi қаланы безендiруге және ойындарды өткiзу орындарын қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсiн.

      10. Ойындарды дайындауға және өткiзуге байланысты iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi - 040 "Жастар саясатын жүргiзу" және 019 "Мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу" республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi - мемлекеттiк органдарға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылсын.

      11. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                               Премьер-Министрiнiң
                                            2006 жылғы 27 маусымдағы
                                                N 177-ө өкiмiмен
                                                   бекiтiлген

     Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
       IV жастар Дельфийлiк ойындарын дайындау және өткiзу
              жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы

Әйтiмова                - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
Бiрғаным Сарықызы         министрi, төрайым

Әбдiмомынов             - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
Азамат Құрманбекұлы       вице-министрi, төрайымның орынбасары

Бектұров                - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Азат Ғаббасұлы            коммуникация вице-министрi

Мұстафина               - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары
Сәбила Сапарқызы

Алпысбаев               - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Ғазымбек Алпысбайұлы      министрлiгiнiң Әкiмшiлiк полиция комитетi
                          төрағасының орынбасары

Шабдарбаев              - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Алмас Тынышбайұлы         министрлiгiнiң Аппарат басшысы

Бөлегенов               - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Ерғали Бөлегенұлы         министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер
                          Достастығы iстерi департаментiнiң
                          директоры

Күзембаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Валерий Альбекұлы         ақпарат министрлiгi Өнер департаментiнiң
                          директоры

Жүнiсбаев               - Қазақстан студенттерi альянсының
Алмас Серiкқажыұлы        көшбасшысы

Жумин                   - "Қазақстан жастарының конгресi"
Данат Есболұлы            қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар
                          бiрлестiгiнiң атқарушы директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады