"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 178-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған»"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі және өзге де орталық мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерге тексеру жүргізсін және нормативтік құқықтық кесімдерге тиісті өзгерістер енгізсін;
      3) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды хабардар етсін.

        Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                               Премьер-Министрінің
                                            2006 жылғы 27 маусымдағы
                                                N 178-ө өкімімен
                                                   бекітілген

       "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
   кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
     енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
    31 қаңтардағы Заңның іске асыру мақсатында қабылдануы
       қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі

Р/с
N

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Кесімнің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулысы

ИСМ

2006 жылғы шілде

2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулысы

ТЖМ

2006 жылғы шілде

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 шілдедегі N 678
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулысы

Әділетмині

2006 жылғы шілде

4.

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулысы

Әділетмині

2006 жылғы шілде

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулысы

Әділетмині

2006 жылғы шілде

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулысы

ИСМ

2006 жылғы шілде

7.

"Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқ-
сат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы" нұсқаулықты және»"Ішкі істер органдарында алынып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәріні, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы N 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

ІІМ-нің бұйрығы

ІІМ

2006 жылғы шілде

8.

"Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану
үшін рұқсат беру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы N 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

ІІМ-нің бұйрығы

ІІМ

2006 жылғы шілде

9.

Залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын
карантинді объектілермен зақымданған карантинге алынған өнімді (жүкті) алып қою мен жою жөніндегі
ережені бекіту туралы

АШМ-ның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы шілде

10.

Тексерулер жүргізуге, жүргізілген тексерудің нәтижелерін ресімдеуге арналған актілердің, қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларын есепке алу жөніндегі қажетті
есепке алу құжаттарының, анықталған бұзушылықтарды жоюға арналған нұсқамалардың нысандарын бекіту туралы

ККМ-нің бұйрығы

ККМ

2006 жылғы шілде

11.

Теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру ережесін бекіту туралы

ККМ-нің бұйрығы

ККМ

2006 жылғы шілде

12.

"Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттар талаптарының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 тамыздағы N 59-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ИСМ-ның бұйрығы

ИСМ

2006 жылғы шілде

13.

"Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан
Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ИСМ-ның бұйрығы

ИСМ

2006 жылғы шілде

14.

"Жол полициясының
жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексеруді жүзеге асыруын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 26 ақпандағы N 130 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

ІІМ-нің бұйрығы

ІІМ

2006 жылғы шілде

15.

Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында кемелер, оның ішінде шағын көлемді кемелер ұшыраған көлік оқиғаларына тергеу, жіктеу және есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы

ККМ-нің бұйрығы

ККМ

2006 жылғы шілде

16.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы тексерулерді тағайындау туралы акт нысандарын бекіту туралы

Қоршағанортаминінің бұйрығы

Қоршағанортамині

2006 жылғы шілде

17.

Өндірістік экологиялық бақылау туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қоршағанортаминінің бұйрығы

Қоршағанортамині

2006 жылғы шілде

18.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысандарын бекіту туралы

Қоршағанортаминінің бұйрығы

Қоршағанортамині

2006 жылғы шілде

19.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нұсқама нысандарын бекіту туралы

Қоршағанортаминінің бұйрығы

Қоршағанортамині

2006 жылғы шілде

Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ - Көлік және коммуникация министрлігі
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
Әділетмині - Әділет министрлігі
ІІМ - Ішкі істер министрлігі
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қоршағанортамині - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады