Малайзияның федералды аймақтар iстерi жөнiндегi министрi Дато Зулхаснан Рафик пен Путраджайа корпорациясының президентi Тан Сри Самсудин Османның Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 188-ө Өкімі

      2006 жылғы 4 - 10 шiлдеде Астана және Алматы қалаларында өтетiн Малайзияның федералды аймақтар iстерi жөнiндегi министрi Дато Зулхаснан Рафик пен Путраджайа корпорациясының президентi Тан Сри Самсудин Османның Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында: 

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi: 
      сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
      қосымшаға сәйкес Малайзияның федералды аймақтар iстерi жөнiндегi министрi Дато Зулхаснан Рафикке зайыбымен және Путраджайа корпорациясының президентi Тан Сри Самсудин Османға зайыбымен қызмет көрсету жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      делегация мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 1019280 (бiр миллион он тоғыз мың екi жүз сексен) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi делегация мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн. 

      4. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi делегацияны әуежайлардың жоғары лауазымды тұлғаларға арналған залдарында қарсы алу және шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайларын безендiру, мәдени бағдарлама ұйымдастыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      5. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр 

Малайзияның федералды аймақтар iстерi жөнiндегi министрi Дато Зулхаснан Рафикке зайыбымен және Путраджайа корпорациясының президентi Тан Сри Самсудин Османға зайыбымен қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Малайзияның федералды аймақтар iстерi жөнiндегi министрi Дато Зулхаснан Рафиктi зайыбымен және Путраджайа корпорациясының президентi Тан Сри Самсудин Османды зайыбымен Астана мен Алматы қалаларындағы "Риксос-Президент" және "Рахат-Палас" қонақ үйлерiнде орналастыру, тамақтандыру және көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арналған рұқсатнамалар, куверткалар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Малайзия делегациясының мүшелерi үшiн сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу.
      4. Малайзия делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру. 
      5. Малайзия делегациясының мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға болатын орындарында медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады