"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 208-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған»Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімді әзірлеу және бекіту жөнінде қажетті шаралар қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2006 жылғы»21 шілдедегі
                                                N 208-ө өкімімен
                                                   бекітілген

     "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
    әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер
  мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
         Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
            нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Кесімнің нысаны

Орындалу мерзімі

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

1

2

3

4

5

1.

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік арнайы жәрдемақы төлемдерін тағайындау мен жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

2006 жылғы тамыз

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

2006 жылғы тамыз

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

3

"Жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорларынан аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 146 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі басқармасының қаулысы

2006 жылғы тамыз

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі

4

"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

2006 жылғы тамыз

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады