Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шифрлеуші құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оларды үкіметтік және жабық ведомстволық байланыс жүйелерінде пайдалану жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісіне қатысушылардың қонақ үйде тұруына ақы төлеуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 212-ө Өкімі

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шифрлеуші құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оларды үкіметтік және жабық ведомстволық байланыс жүйелерінде пайдалану жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісін (бұдан әрі - мәжіліс) өткізуге байланысты:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне мәжіліске қатысушылардың 2006 жылғы 2-4 тамыз кезеңінде Астана қаласында қонақ үйде тұруына ақы төлеуге 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 2307360 (екі миллион үш жүз жеті мың үш жүз алпыс) теңге сомасында қаражат бөлсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады