Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) этномәдени орталығы мен әл-Фараби кесенесiн салу, Сұлтан Бейбарыстың кесенесi мен Каир қаласындағы (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың мешiтiн қалпына келтiру және Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс пен әл-Фарабиге монумент ескерткiштерiн орнату жобаларын iске асыру мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Ертiсбаев - Қазақстан Республикасының
Ермұхамет Қабиденұлы Мәдениет және ақпарат
министрi, жетекшi
Әлиев - Қазақстан Республикасының
Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және ақпарат
вице-министрi, жетекшiнiң
орынбасары
Шәймерден - Қазақстан Республикасы
Ербол Шәймерденұлы Мәдениет және ақпарат
министрлiгi Тарихи-мәдени
мұра департаментiнiң
директоры, хатшы
Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасы
Қайрат Құдайбергенұлы Сыртқы iстер министрiнiң
орынбасары
Смайылов - Қазақстан Республикасының
Әлихан Асханұлы Қаржы вице-министрi
Палымбетов - Қазақстан Республикасының
Болат Әбiлқасымұлы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау вице-министрi
Әзiмова - Қазақстан Республикасы
Эльвира Әбiлқасымқызы Әдiлет министрлiгi Заңға
тәуелдi актiлер
департаментiнiң директоры
Тұяқбаев - "Қазқайтажаңарту"
Қанат Қымызұлы республикалық мемлекеттiк
кәсiпорнының директоры
Самир Дерех - Қазақстан Республикасындағы
Сирия диаспорасының
басшысы, сәулетшi
2. Жұмыс тобы 2006 жылғы 15 тамызға дейiнгi мерзiмде Дамаск қаласына (Сирия Араб Республикасы) этномәдени орталығы мен әл-Фараби кесенесiн салу Сұлтан Бейбарыстың кесенесi мен Каир қаласындағы (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың мешiтiн қалпына келтiру және Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс пен әл-Фарабиге монумент ескерткіштерін орнату жобаларын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының жобасын дайындасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр