1. Қоса беріліп отырған»"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"»Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 9 тамыздағы
N 224-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіруді
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық кесімдердің
тізбесі
Р/с N |
Нормативтік құқықтық кесімнің атауы |
Кесімнің атауы |
Орындау мерзімі |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне "Самұрық"» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі АҚ-ның одан әрі жұмыс істеуі бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
2006 жылғы тамыз |
ЭБЖМ |
2. |
"Қазына" орнықты даму қоры"» АҚ-ның құрамына кіретін заңды тұлғалардың кредит және инвестициялық саясатын бекітуге қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
2006 жылғы тамыз |
ЭБЖМ (жинақтау), ИСМ |
3. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ-ның құрамына кіретін ұлттық компаниялардың даму жоспарларын бекіту тәртібін өзгерту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
2006 жылғы тамыз |
ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині |
4. |
"Қазақстан Даму Банкі" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін»"Қазына"»орнықты даму қоры"»АҚ-ның жарғылық капиталына төлеуге беруді қамтамасыз ету бөлігіндегі "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
2006 жылғы тамыз |
ЭБЖМ (жинақтау), ИСМ, Қаржымині |
5. |
"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
2006 жылғы тамыз |
ЭБЖМ (жинақтау), ИСМ |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі.