Салауатты өмір салтын қалыптастыруға кешенді көзқарас жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 9 тамыздағы N 225-ө Өкімі

      Салауатты өмір салтын және Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға сектораралық көзқарас қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды күшейту мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Салауатты өмір салтын қалыптастыруға кешенді көзқарас жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Мүдделі министрліктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) Жоспардың тиесілі және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жарты жылдықта бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылдықта бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынысын.

       Премьер-Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрінің
                                           2006 жылғы 9 тамыздағы
                                       N 225-ө өкімімен бекітілген

       Салауатты өмір салтын қалыптастыруға кешенді көзқарас
                 жөніндегі іс-шаралар жоспары

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2007.04.18.  N 96 , 2007.12.10.  N 371-ө  өкімдерімен.

Р/с N

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. СӨСҚ мәселелеріндегі салааралық үйлестіруді күшейту

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің жанынан мүдделі министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардан өкілдерінен тұратын СӨСҚ жөніндегі жұмыс тобын құру

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі

ҚР ДСМ

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

  

2.

Жұмыс тобының құрамына мүдделі аумақтық органдардың, ведомстволар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін енгізе отырып, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңестерінің құрамында СӨСҚ жөніндегі жұмыс тобын құру 

Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімдері 

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

  

3.

"Қазақстан - 2030" әлеуметтік даму стратегиясына сәйкес салауатты өмір салты басымдығын іске асыру жөніндегі мәселелерді Парламенттік тыңдауға шығару үшін ақпарат пен материалдарды дайындау 

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҚР ДСМ

2006 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді

  

2. Өңірлік СӨСҚ қызметін күшейту

4.

(алынып тасталды - 2007.12.10. N 371-ө) 

5.

Өңірлік деңгейде СӨСҚ қызметі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы хабардар ету

ҚР ДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 - 2008 жылдар 10 қаңтар және 10 шілде

Талап етілмейді

  

6.

Өңірлік деңгейде СӨСҚ жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемінің жыл сайын ұлғайтылуы туралы хабардар ету

ҚР ДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 - 2008 жылдар 10 қаңтар және 10 шілде

Талап етілмейді

  

3. Оқушылардың денсаулығын жақсарту және сақтау 

7.

"Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім министрінің міндетін атқарушының 2000 жылғы 10 шілдедегі N 708 бұйрығына білім беру ұйымдардың медицина қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру бөлігінде толықтыру енгізу

ҚР БҒМ-ның бұйрығы

ҚР БҒМ, ҚР ДСМ

2007 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

  

4. Аурулардың алдын алу және СӨСҚ жөніндегі жұмысты жандандыру

8.

Республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында тұрғын халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру жөніндегі бірлескен тақырыптық жоспарды бекіту

Бірлескен бұйрық

ҚР ДСМ, ҚР МАМ

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

  

9.

Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, БМСК деңгейінде жастар мен жасөспірімдерге медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚР ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері  

2007 жылғы 25 шілде

Талап етілмейді

  

10.

"Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету

Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімдері 

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚР ДСМ, ҚР Әділетмині, ҚР ІІМ

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

  

11.

Қазақстан Республикасында алкогольді пайдалануды қысқартуға бағытталған іс-шаралардың ведомствоаралық жоспарын әзірлеу және бекіту

Бірлескен бұйрық

ҚР ДСМ, ҚР ИСМ, ҚР ІІМ, ҚР Әділетмині, ҚР БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

  

12.

Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларының шеңберінде жүрек-қан тамыры, онкологиялық аурулар мен жарақаттанудың алдын алу жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету

Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімдері

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚР ДСМ, ҚР ІІМ

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

  

13.

БМСК деңгейінде жан басына шаққандағы нормативтің ынталандыру бөлігіне алдын алу қызметтерін енгізу әдістемесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу

Әдістемелік ұсынымдар  

ҚР ДСМ  

2006 жылғы 4-тоқсан  

Талап етілмейді  

  

14. 

БМСК деңгейінде мінез-құлықтық тәуекел факторлары мен әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу алгоритмдерін енгізу 

ҚР ДСМ-нің бұйрығы   

ҚР ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері  

2006 жылғы 4-тоқсан  

Талап етілмейді  

  

  

  

  

  

  

  

  

Ескертпе:
ҚР БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚР МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ҚР Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҚР ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СӨСҚ - салауатты өмір салтын қалыптастыру
БМСК - бастапқы медициналық-санитарлық көмек

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады