Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің мәжілісін дайындау жөніндегі сарапшылардың және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлерінің қонақ үйде тұруына ақы төлеуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 23 тамыздағы N 239-ө Өкімі

      Астана қаласында 2006 жылғы 27-30 тамыз кезеңінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің мәжілісін дайындау жөніндегі сарапшылар кеңесінің және 2006 жылғы 28-30 қыркүйек кезеңінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлерінің кеңесі мәжілісінің өткізілуіне байланысты:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің мәжілісін дайындау жөніндегі сарапшылардың және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлерінің қонақ үйде тұруына ақы төлеу үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 8839281 (сегіз миллион сегіз жүз отыз тоғыз мың екі жүз сексен бір) теңге сомасында қаражат бөлсін.

      2. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады