Жапония Премьер-Министрі Дзюнитиро Коидзумидің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 243-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және 2006 жылғы 28-29 тамызда Астана қаласында Жапония Премьер-Министрі Дзюнитиро Коидзумидің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2006 жылғы 28-29 тамызда Астана қаласында Жапония Премьер-Министрі Дзюнитиро Коидзумидің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Жапония ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды Астана қаласында өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жапония ресми делегациясы мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және баратын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Жапония Премьер-Министрі Дзюнитиро Коидзумидің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін;
      Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті атынан Жапония Премьер-Министрі Дзюнитиро Коидзумидің құрметіне ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарламаны қамтамасыз етсін.

      6. Астана қаласының әкімі Жапония ресми делегациясын баратын жерлерінде күтіп алу және шығарып салу, сондай-ақ Астана қаласының әуежайы мен көшелерін безендіру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Астана қаласының әуежайында және "Ақорда" сарайында Жапония Премьер-Министрі Дзюнитиро Коидзумиді қарсы алу және шығарып салу салтанатына қатыссын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2006 жылғы 25 тамыздағы 
N 243-ө өкіміне     
қосымша         

Жапония ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету
жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Жапония ресми делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Риксос Президент Отель" қонақ үйінде 1+10 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президент Күзет қызметінің қызметкерлерін "Риксос Президент Отель" қонақ үйінде орналастыру.
      3. Баспа өнімін (бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсанамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Жапония ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Жапония ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президенті атынан Жапония Премьер-Министрі Дзюнитиро Коидзумидің құрметіне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады