"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 245-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған  "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы"  және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығы мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"  Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп, Тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр

                                              Қазақстан Республикасы
                                                Премьер-Министрінің
                                             2006 жылғы»25»тамыздағы
                                                 N 245-ө өкімімен
                                                     бекітілген

       "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы"
   және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
    актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен
  орман шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен
        толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
    Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарын
   іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
                  құқықтық кесімдердің
                         тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және экологиялық желілер жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2006 жылғы қыркүйек

2.

Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғиқорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2006 жылғы желтоқсан

3.

Реттелетін туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2006 жылғы қыркүйек

4.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2006 жылғы қыркүйек

5.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілердің құрылысына конкурстар өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2006 жылғы қыркүйек

6.

Мемлекеттік қорық аймағында пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеу, барлау және өндіру кезінде арнайы экологиялық талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині

2007 жылғы наурыз

7.

Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервтеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2006 жылғы қыркүйек

8.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында балық шаруашылығын, су көлігін, мемлекеттік геологиялық зерделеуді, көмірсутегі шикізатын барлауды және өндіруді дамыту үшін арнайы экологиялық талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині

2007 жылғы наурыз

9.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыс ы

АШМ

2006 жылғы қыркүйек

10.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2006 жылғы қазан

11.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биологиялық саналуандығын сақтауға және дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2006 жылғы қараша

12.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің табиғи-ғылыми және техника-экономикалық негіздемелерінің жобасын әзірлеу ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы қараша

13.

Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы қазан

14.

Табиғатты қорғау ұйымдарын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2007 жылғы наурыз

15.

Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келу ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы қыркүйек

16.

Табиғатты қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оларды киіп жүру тәртібі және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы желтоқсан

17.

Табиғатты қорғау ұйымдарының рәміздерін (эмблемасын және туын), сондай-ақ табиғатты қорғау мекемелерінің рәміздерін әзірлеу мен пайдалану ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы қараша

18.

Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында жасанды шулы және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2007 жылғы наурыз

19.

Ерекше бағалы экологиялық жүйелерді және объектілерді қамтымайтын, мемлекеттік табиғи қорықтарда арнайы бөлінген учаскелерде реттелетін экологиялық туризмді жүргізуге арналған экскурсиялық соқпақ жолдар мен бағдарларды жасау ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы қазан

20.

Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, құру, аттестаттау және есепке алу ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы қазан

21.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумақтарындағы реттелмелі туризм мен рекреация ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы қазан

22.

Арнайы бөлінген учаскелердегі мемлекеттік табиғи қорықтың қорғалатын аймағында тұратын жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқой балық аулау ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы қазан

23.

Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы желтоқсан

24.

Орман айналымдары тексерісінің ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы желтоқсан

25.

Ағаш тұқымын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы желтоқсан

26.

Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде селекциялық тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау, құру,   аттестаттау және есепке алу ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

АШМ

2006 жылғы желтоқсан

      Ескертпе:
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады