Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 250-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының  "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы"  2006 жылғы 7 шiлдедегi, "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2006 жылғы 7 шiлдедегi және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"  2006 жылғы 7 шiлдедегi заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi:
      тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн;
      тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.

       Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2006 жылғы»25 тамыздағы
                                                N 250-ө өкімімен
                                                   бекітілген

   Қазақстан Республикасының "Азаматтардың денсаулығын сақтау
    туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, "ЖҚТБ ауруының алдын алу
    туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
     толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі және
    "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
        денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен
  толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңдарын
   іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
                     кесімдердің тізбесі

Р/с
N

Заңнамалық кесімнің атауы

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Кесімнің нысаны

Әзірлеу және енгізу

Орындау үшін

1

2

3

4

5

6

1

"Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы

  

1) Біреудің күтіп-бағуына мұқтаж үш жастан асқан балалар ауруларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

2) Адамның мүшелері мен тіндерін әкелу және әкету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

3) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық көмек алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

4) Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынатын аурулардың тізбесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

5) Тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін) алу, консервациялау, адамнан адамға, мәйіттен адамға және жануарлардан адамға трансплантациялау ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

6) Балаларды сәбилер үйіне және білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

7) Жыныстық сәйкестігінде ауытқушылық бар адамдар үшін жынысын ауыстыруды жүргізу ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

8) Тәуелсіз денсаулық сақтау ұйымдары жүргізетін патологиялық-анатомиялық сою ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

9) Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтамалар беру ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

2

"ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы

1) АҚТҚ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға тегін медициналық және дәрілік көмек көрсету ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

3

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы

1) Профилактикалық, алдын ала және міндетті медициналық тексерілуге тиіс тұлғалардың аталған тексерулерден уақтылы өтуін қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

2) Медициналық қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

3) Денсаулық сақтау саласындағы сертификаттау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

4) Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

5) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

6) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі медициналық қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы N 806 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

8) Дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2004 жылғы 7 шілдедегі N 767 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

10) Тәуелсіз сарапшы мәртебесін айқындау үшін аккредиттеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

12) Тиісті құжат бере отырып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының зертханаларын санитарлық ережелерге сәйкестігіне және тәуекелді бағалауды жүзеге асыру құқығына аттестаттауды жүргізу ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

13) Балалар тағамдары өнімдерін, тағамдық және тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық модификацияланған көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, жекелеген өнім түрлерін және адамның денсаулығына зиянды әсер ететін заттарды мемлекеттік тіркеу туралы шешімді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және кері қайтарып алу ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

14) Тәуекелді бағалауды жүргізуге құқылы барлық ұйымдарға арналған бірыңғай әдіснаманы және Тәуекелді бағалауды жүргізу ережесін бекіту туралы

МСЭҚК бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

15) Дәрілік заттарды негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттарға жатқызу ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

16) Медициналық қызметке тәуелсіз сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

17) Медициналық қызметтерді, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалаудың ережесін және олардың жарнамасына рұқсат беру тәртібін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

18) Медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

19) Денсаулық сақтау ұйымының қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

20) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру және шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

21) Клиникаға дейінгі және клиникалық базалардың тізбесін бекіту туралы

МҚСБК бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

22) Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

23) Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемінің тізбесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

24) Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

25) Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

26) Фармацевтикалық қызметтің стандарттарын бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

27) Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мерзімді аттестаттау ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

28) Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарды жасау ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

29) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясын бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

30) Дәрілік заттарды алу және жою ережесін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

31) Бірегей дәрілік заттардың атауын бекіту ережесі туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

32) Дәрілік заттарды дәрігердің рецепті бойынша және рецептсіз босатылатын дәрілік заттардың тізбесіне жатқызу өлшемдерін бекіту туралы

ДСМ бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

33) Дәрілік заттарды сынауды және (немесе) зерттеуді жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханаларының тізбесін бекіту туралы

ФК бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

ДСМ

      Ескертпе:
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      МСЭҚК - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті
      МҚСБК - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті
      ФК - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады