Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 261-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының " Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы " және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу мәселелерi  бойынша толықтырулар енгiзу туралы " 2006 жылғы 7 шiлдедегi заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Мемлекеттiк органдар тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.

       Премьер-Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Премьер Министрінің   
2006 жылғы 7 қыркүйектегі
N 261-ө өкімімен   
бекітілген   

  Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй құрылысына үлестік
   қатысу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір
 заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу
 мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы
7 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
           нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі      

Р/с N

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ

2006 жылғы қыркүйек

2

Тұрғын үй ғимараттарын жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін тарту есебінен салуды ұйымдастыру жөніндегі  қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ
ЭБЖМ

2006 жылғы қыркүйек

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады