2006 жылғы 2 - 7 қазанда Алматы қаласында қонақ үйде тұруын ескере отырып, 2006 жылғы 6 қазанда "КIОGЕ" мұнай және газ жөнiндегi халықаралық конференция шеңберiнде Азия ынтымақтастық диалогының Энергетикалық семинарын (бұдан әрi - семинар) дайындау және өткiзу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Алматы қаласында семинарды дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен семинарға қатысушылардың қонақ үйде тұруына ақы төлеуге 3998520 (үш миллион тоғыз жүз тоқсан сегiз мың бес жүз жиырма) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
3. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгіне жүктелсін.
Премьер-Министр