Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң құқық қорғау органдары ақпараттық қызметтер басшыларының мемлекетаралық конференциясына қатысушылардың қонақ үйде тұруына қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 292-ө Өкімі

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң құқық қорғау органдары ақпараттық қызметтер басшыларының мемлекетаралық конференциясының (бұдан әрi - конференция) өткiзiлуiне байланысты:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына конференцияға қатысушылардың 2006 жылғы 17 - 19 қазан кезеңiнде Астана қаласында қонақ үйде тұруына ақы төлеуге 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 5214861 (бес миллион екi жүз он төрт мың сегiз жүз алпыс бiр) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады