Германия Федеративтiк Республикасының Сыртқы iстер министрi Франк-Вальтер Штайнмайердiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 қазандағы N 308-ө Өкімі

      2006 жылғы 31 қазан - 1 қараша кезеңiнде Астана қаласында Германия Федеративтiк Республикасының Сыртқы iстер министрi Франк-Вальтер Штайнмайердiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
      сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
      ресми делегация мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 476000 (төрт жүз жетпiс алты мың) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi ресми делегация мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Германия Федеративтiк Республикасының Сыртқы iстер министрi арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн.

      5. Астана қаласының әкiмi ресми делегацияны әуежайдың жоғары лауазымды тұлғаларға арналған залдарында қарсы алу және шығарып салу, Астана қаласының әуежайын безендiру, мәдени бағдарлама ұйымдастыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      6. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады