Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2006 жылғы 28 шiлдедегi N 216-ө өкiмiне толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 10 қарашадағы N 319-ө Өкімі

      "Концессиялар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне концессия мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2006 жылғы 28 шiлдедегi N 216-ө  өкiмiне  мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген "Концессиялар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне концессия мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-жолмен толықтырылсын:
      "10. Ақылы автомобиль       Қазақстан     ККМ    2006 жылғы
           жолдарын және көпiр    Республикасы         желтоқсан
           өткелдерiн пайдалану   Үкiметiнiң
           тәртiбi мен шарттарын, қаулысы
           сондай-ақ жүріп тұру
           үшiн алым ставкаларын
           бекiту туралы                                         ".

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады