2006 жылғы 13-15 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан-иран сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының сегізінші мәжілісін өткізуге байланысты:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне үкіметаралық комиссияның ирандық бөлігі мүшелерінің қонақ үйде тұруына 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006»"Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 1411425 (бір миллион төрт жүз он бір мың төрт жүз жиырма бес) теңге сомасында қаражат бөлсін.
Премьер-Министр