Халықаралық рейтингілік агенттіктермен жұмыс және ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N 346-ө Өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007.05.23. N 135 өкімімен.

      Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін арттыру және Қазақстан Республикасындағы ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Супрун                    - Қазақстан Республикасының Экономика және
Виктор Васильевич           бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
                            жетекші

Нұрбаев                   - Қазақстан Республикасы Экономика және
Орман Кәрімұлы              бюджеттік жоспарлау министрлігі
                            Халықаралық қатынастар департаментінің
                            директоры, жетекшінің орынбасары

Мұхаева                   - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мәдина Мұсақызы             бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                            Халықаралық қатынастар департаменті
                            халықаралық экономикалық ынтымақтастық
                            басқармасының бастығы, хатшы

Алдамберген               - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
Алина Өтемісқызы            өңірлік қаржы орталығының қызметін
                            реттеу агенттігі төрағасының орынбасары

Құдайберген               - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Алмас Шайықбекұлы           сауда министрлігінің Инвестициялар
                            комитеті төрағасының орынбасары

Парусимова                - Қазақстан Республикасы Қаржы
Любовь Ивановна             министрлігі Есеп беру және статистика
                            департаментінің директоры

Айтмұхаметов              - Қазақстан Республикасы Әділет
Данияр Айтмұхаметұлы        министрлігінің Халықаралық құқық,
                            мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау,
                            шарттар және талап қою-қуыну жұмысы
                            департаменті директорының орынбасары

Бөбеев                    - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен
Мұхтар Сапарәліұлы          қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
                            агенттігінің Стратегия және талдау
                            департаменті директорының орынбасары

Жамаубаев                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Ерұлан Кенжебекұлы          Зерттеулер және статистика департаменті
                            директорының орынбасары

Нұрмәдиева                - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Нәсима Ісләмқызы            сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті
                            дамыту департаменті директорының
                            орынбасары

Есімқұлов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Ерлан Тұрланғазыұлы         министрлігінің Үкіметтік қарыздарды
                            тарту департаменті халықаралық
                            ынтымақтастық басқармасының бастығы

Бәбенов                   - "Қазақстан қор биржасы" акционерлік
Болат Базартайұлы           қоғамның вице-президенті

Ақпейісов                 - "Қазақстан Республикасы банктерінің
Бейбіт Разақұлы             қауымдастығы" заңды тұлғалар
                            бірлестігінің атқарушы комитеті
                            төрағасының орынбасары

Қуанғанова                - "Қазақстан кәсіпкерлері
Гүлнәр Шаймұратқызы         форумы»қауымдастығы" заңды тұлғалар
                            бірлестігі атқарушы директорының
                            орынбасары

Бертісбаева               - "ВБО Қазақстанаудит" жауапкершілігі
Шолпан Смағұлқызы           шектеулі серіктестігінің Қаржы
                            ұйымдарымен жұмыс департаментінің
                            директоры 

Өтембаева                 - "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы"
Әнел Нұрланқызы             заңды тұлғалар бірлестігінің Сақтандыру
                            секторы және банктік емес қаржы
                            ұйымдары департаменті директорының
                            орынбасары

Цалюк                     - "Қазақстан қор биржасы" акционерлік
Галина Анатольевна          қоғамы листинг бөлімінің бастығы

      2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан
Республикасының егемен кредиттік рейтингін арттыру мақсатында
халықаралық рейтингілік агенттіктермен сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасында ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. "Рейтингілік агенттіктермен жұмыс жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 76-ө  өкімінің  күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады