Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 17 ақпандағы N 28-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының " Ойын бизнесi туралы " және " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық  актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Мемлекеттiк органдар:
      1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Yкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2007 жылғы 17 ақпандағы 
N 28-ө өкiмiмен    
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi

P/c N

Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы

Актiнiң
нысаны

Орындауға жауапты мемлекет-
тiк орган

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан
Республика-сы
Үкіметінің
қаулысы

ТСМ,
Қаржымині,
ИСМ, ЭБЖМ,
Әділетмині

2007 жылғы
ақпан

2

Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан
Республика-сы
Үкіметінің
қаулысы

ЭБЖМ,
Қаржымині

2007 жылғы
наурыз

3

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 қазандағы
N 1016 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан
Республика-сы
Үкіметінің
қаулысы

Қаржымині

2007 жылғы
наурыз

4

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан
Республика-сы
Үкіметінің
қаулысы

Қаржымині

2007 жылғы
наурыз

5

Ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргізу ережесiн бекiту туралы

ТСМ
бұйрығы

ТСМ

2007 жылғы
наурыз

6

Ойын бизнесiн ұйымдастырушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi мен нысандарын бекiту туралы

ТСМ
бұйрығы

ТСМ

2007 жылғы
наурыз

7

"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы бойынша бюджет деңгейлерi арасындағы кiрiстер сыныптамасының түсiмдерiн бөлудi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 169 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

ЭБЖМ
бұйрығы
 

ЭБЖМ

2007 жылғы
наурыз

8

"Салық есептiлiгiн жасау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi төрағасының бұйрығы

Қаржымині
СК-нің
бұйрығы

Қаржымині
СК

2007 жылғы
желтоқсан

  Ескертпе:  аббревиатуралардың толық жазылуы:
 ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
 Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
 ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
 ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
 Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
 Қаржыминi СК - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады