2007 жылғы 26-27 ақпанда Астана қаласында Сауда-экономикалық мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-египет үкiметаралық комиссиясының төртiншi мәжiлiсiн өткiзуге байланысты:
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне үкiметаралық комиссияның египеттiк бөлiгi мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 1369129 (бip миллион үш жүз алпыс тоғыз мың бiр жүз жиырма тоғыз) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
Премьер-Министр