"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 6 наурыздағы N 44-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Конституциялық заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты және мемлекеттiк органдар тiзбеге сәйкес:
      1) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және  белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2007 жылғы 6 наурыздағы 
N 44-ө өкiмiмен   
бекiтiлген  

"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Конституциялық заңын icкe асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi

Р/с
N

Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы

Аяқтау нысаны

Орындалу мерзiмi

Орындалу-
ына жауапты мемлекет-
тiк
органдар

1

Сот әкiмшiлiгi мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Жарлығы

2007 жылғы
наурыз

ЖС
(жинақтау),
БП, ЭБЖМ,
СӘК

2

Сот жюриi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Жарлығы

2007 жылғы
наурыз

ЖС

3

Қазақстан
Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы 26
маусымдағы N 643
Жарлығына өзгерiстер енгiзу
туралы

Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Жарлығы

2007 жылғы
наурыз

ЖС

4

Судьялардың кәсiптiк мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiретiн аурулардың тiзбесiн бекiту туралы

СӘК-пен
ДСМ-нің
бірлескен
бұйрығы

2007 жылғы
наурыз

СӘК
(жинақтау),
ДСМ

5

Судьяның қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты мертiгу алған (жарақат жаралану,
контузия, кәсiби ауру) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) кезде бiржолғы өтемақы төлеу eрежесiн бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

2007 жылғы
наурыз

СӘК

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
СӘК - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот әкiмшiлiгi комитетi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады