Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы, Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауындағы туристiк орталықтарды және Маңғыстау облысындағы Кендiрлi демалыс аймағын дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 наурыздағы N 53-ө Өкімі

      Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы, Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауындағы туристiк орталықтарды және Маңғыстау облысындағы Кендiрлi демалыс аймағын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса берiлiп отырған Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы, Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауындағы туристiк орталықтарды және Маңғыстау облысындағы Кендiрлi демалыс аймағын дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.

      2. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) Iс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
      2) ай сайын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы Қазақстан Республикасының Үкiметiне тоқсан сайын Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң   
2007 жылғы 13 наурыздағы
N 53-ө өкiмiмен   
бекiтiлген   

Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы, Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауындағы туристік орталықтарды және Маңғыстау облысындағы Кендірлі демалыс аймағын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары 

N

Іс-шаралар

Аяқтау
нысаны

Орындалуына
жауаптылар

Орындалу
мерзімі

1

2

3

4

5

1

Алматы облысы Қапшағай
қаласының аумағында
туристiк орталық құру
үшiн жер учаскесiн бөлу

Әкімнің
шешімі

Алматы облы-
сы Қапшағай
қаласының
әкімі

2007 жылғы
наурыз

2

Алматы облысы Қапшағай
қаласының аумағында
және Ақмола облысының
Щучинск-Бурабай
курорттық аймағында
туристiк орталықтарды
дамытудың бас жоспар-
ларын әзiрлеу және
бекiту

Уәкілетті
органдардың
бұйрықтары

ТСМ, АШМ,
ПІБ, Қоршағанор-
тамині,
Алматы және
Ақмола об-
лыстарының
әкімдері

2007 жылғы
маусым

3

"Бурабай" МҰТП-ның
туризм инфрақұрылымын
дамытудың бас жоспарын
әзiрлеу және бекiту

Уәкілетті
органның
бекітуі

ПІБ, АШМ

2007 жылғы
маусым

4

Алматы облысының
"Алтын-Емел" МҰТП-ның
аумағында туризм
инфрақұрылымын дамыту
ТЭН-iн түзету

Уәкілетті
органның
бекітуі

АШМ, Қорша-
ғанортамині

2007 жылғы
қыркүйек

5

Маңғыстау облысындағы
Кендiрлi демалыс
аймағын дамытудың
iс-шаралар жоспарын
әзiрлеу

Әкімнің
шешімі

Маңғыстау
облысының
әкімі, "Қаз-
МұнайГаз"
ҰК АҚ, "Маң-
ғыстауМұ-
найГаз"ҰК АҚ

2007 жылғы
маусым

6

"Ойын бизнесiн
ұйымдастырушының
бiлiктiлiк талаптарына
сәйкестiгiн растайтын
құжаттардың тiзбесi
мен нысандарын бекiту
туралы", "Ойын бұйрығы
бизнесi саласындағы
қызметпен айналысу
құқығына лицензиялар
тiзiлiмiн жүргiзу
ережесiн бекiту туралы"
бұйрықтарды әзiрлеу

Уәкілетті
органның
бұйрығы

ТСМ

2007 жылғы
наурыз

7

Алматы - Қапшағай,
Астана - Щучинск
бағыттары бойынша
спутник қалаларды
жобалауға және салуға
қатысушы инвесторларға
"Инвестициялар туралы"
Қазақстан Республика-
сының Заңына сәйкес
жеңiлдiктер мен
преференциялар беру

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

ИСМ (жинақ-
тау), Қаржы-
мині, ЖРА,
Ақмола,
Алматы
облыстары-
ның, Астана,
Алматы қала-
ларының
әкімдері

2007 жылғы
желтоқсан

8

Алматы және Ақмола
облыстарында туризм
инфрақұрылымын дамыту
ЖСҚ-сын әзiрлеу

Уәкілетті
органның
бұйрығы

ТСМ

2007 жылғы
наурыз-
шілде

9

Алматы және Ақмола
облыстарында туристiк
орталықтарды жобалауға
және салуға конкурс
өткізу

Уәкілетті
органдардың
бұйрықтары

ТСМ, "Бура-
бай" МҰТП,
ПІБ, Алматы
және Ақмола
облыстарының
әкімдері

2007 жылғы
қараша

10

Туристiк орталықтарды
дамыту бойынша
инвесторлармен
келiсiм-шарт жасасу

Уәкілетті
органдардың
бұйрықтары

ТСМ, "Бура-
бай" МҰТП
 

2007 жылғы
желтоқсан

11

Алматы - Қапшағай,
Астана - Көкшетау
трассасы бойындағы
спутник қалаларды
дамыту жөнiнде
ұсыныстар енгiзу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

ИСМ (жинақ-
тау), Алматы
және Ақмола
облыстары-
ның, Астана,
Алматы қала-
ларының
әкімдері,
ККМ, ЭМРМ

2007 жылғы
сәуір

12

Жер учаскелерiн бөлу,
Бас жобаны әзiрлеу мен
келiсу және G 4 City
жобасы бойынша спутник
қалалардың инфрақұрылы-
мын қаржыландыру
(кәрiз, су құбыры, газ
құбыры, электрмен
жабдықтау, топогеоде-
зиялық және инженерлiк-
геологиялық iзденiстер)
жөнiнде ұсыныстар
енгiзу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

ИСМ (жинақ-
тау), Алматы
облысының
әкімі, ЭМРМ,
ЭБЖМ

2007 жылғы
наурыз

13

Астана, Алматы қала-
ларын тиiстi туристiк
орталықтармен байла-
ныстыратын республика-
лық маңызы бар автожол-
дардың ТЭН-iн және ЖСҚ-нi әзiрлеу, темiр жолды, және автовокзал-
дар салу, жүрдек пойыздарды ұйымдастыру

Уәкілетті
органның
бұйрығы

ККМ, Ақмола,
Алматы об-
лыстарының,
Астана,
Алматы қала-
ларының
әкімдері

2007-2010
ж.ж

14

СIМ 2002 жылғы 24
желтоқсандағы N 08-1/77
бұйрығымен, IIМ 2002
жылғы 27 желтоқсандағы
N 806 бұйрығымен
бекiтiлген Қазақстан
Республикасының виза-
ларын беру тәртiбi
туралы нұсқаулығына
өзгерiстер енгiзу

Бірлескен
бұйрық

СІМ, ІІМ

Тұрақты

15

Щучинск-Бурабай курорт-
тық аймағында орналас-
қан туберкулезге қарсы
республикалық медицина-
лық мекеменi көшiру
мәселесi жөнiнде
ұсыныстар енгiзу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

ДСМ (жинақ-
тау), ПІБ,
Ақмола облы-
сының әкімі

2007 жылғы
сәуір

16

Құрылып жатқан туристiк
орталықтардың аумақта-
рында туристiк қызмет-
тен қоршаған ортаға
болатын керi әсердi
болдырмау жөнiнде
тетiктi әзiрлеу

Техникалық
құжаттаманы
әзірлеудің
әрбір ке-
зеңіндегі
экологиялық
сараптама
қорытындысы

Қоршаған-
ортамині,
ТСМ, ПІБ,
АШМ, Ақмола
облысының
әкімі

2007 жылғы
қараша

17

Жаңа пайдалануға
берiлетiн туристiк
орталықтар объектiлер-
iн ескере отырып,
облыстардың электр
желiлерiн дамыту
жоспарын әзiрлеу және
ЭMPM-мен келiсу

Әкімдердің
шешімдері

Алматы,
Ақмола және
Маңғыстау
облыстарының
әкімдері,
ЭМРМ

2007 жылғы
желтоқсан

18

Астана - Бурабай
автотрассасының
жолбойы ceрвис
объектiлерiн салу

Пайдалануға
беру

"Сарыарқа"
ӘКК ҰК АҚ,
Ақмола облы-
сының әкімі

2007-2008
ж.ж

19

Щучинск - Бурабай
курорттық аймағында
қоқысты қайта өңдейтiн
зауыт салу

Пайдалануға
беру

"Сарыарқа"
ӘКК ҰК АҚ,
Ақмола облы-
сының әкімі

2008 ж.

Ескертпе :
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия сауда және министрлiгi
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Қоршағанортаминi - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
СIМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
IIМ - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
ПIБ - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы
ТЭН - техникалық-экономикалық негiздеме
ЖСҚ - жобалау-сметалық құжаттама
МҰТП - Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк
"ҚазМұнайГаз" ҰК АК - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы
"МаңғыстауМұнайГаз" ҰК АҚ - "МаңғыстауМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы
"Сарыарқа" ӘКК ҰК АҚ - "Сарыарқа" Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация ұлттық компаниясы" Акционерлiк қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады