Селекторлық кеңестердi дайындау мен өткiзудiң уақытша тәртiбi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 57-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына  Жолдауын  iске асыру, сондай-ақ орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарды үйлестiру мен олардың өзара ic-қимыл жасасуы үшiн мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық саясатын дамытудың аса маңызды мәселелерi жөнiнде жедел шаралар қабылдау мақсатында:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) селекторлық кеңестердi дайындау мен өткiзудiң уақытша тәртiбi;
      2) Селекторлық кеңестердiң 2007 жылға арналған жоспар-кестесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне селекторлық кеңестерде берiлген хаттамалық шешiмдердiң орындалу барысы туралы ақпараттың апта сайын берiлуiн қамтамасыз етсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2007 жылғы 14 наурыздағы 
N 57-ө өкiмiмен    
бекiтiлген  

  Селекторлық кеңестердi дайындау мен өткiзудiң уақытша тәртiбi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы уақытша тәртiп Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өткiзетiн селекторлық кеңестердi (бұдан әрi - кеңестер) дайындау мен өткiзу мәселелерiн реттейдi.

      2. Кеңестер орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына  Жолдауын  (бұдан әрi - Жолдау) iске асыру мәселелерiн шешудегi өзара iс-қимылдарын үйлестiру және бақылау мақсатында, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын дамытудың аса маңызды мәселелерi бойынша жедел шаралар қабылдау үшiн өткiзiледi.

      3. Кеңеске Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi немесе ол болмаған кезде оның орынбасары төрағалық етедi. Кеңес төрағасы:
      1) кеңестiң күн тәртiбiн бекiтедi;
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын олардың құзыретiнiң мәселелерi бойынша тыңдайды;
      3) тиiстi басшыларға тапсырмалар бередi.

      4. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Кеңестiң хатшысы болып табылады. Кеңестiң хатшысы: 
      1) кеңестерге материалдар дайындауды ұйымдастырады;
      2) апта сайын хаттамалық шешiмдердiң орындалуына талдау жүргiзедi;
      3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара iс-қимылын үйлестіреді.

      5. Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi кеңестердi дайындау жөнiндегi жұмыс органы болып табылады.

      6. Кеңес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларымен өткiзiлетiн селекторлық кеңестердiң Жоспар-кестесiне (бұдан әрi - Жоспар-кесте) сәйкес өткiзiледi. Қажет болған жағдайда халықтың тыныс тiршiлiгiнде маңызды өзге де мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында жоспардан тыс кеңес өткiзiлуi мүмкiн.

      7. Кеңестiң қорытындылары төраға қол қоятын хаттамамен рәсiмделедi.

      8. Кеңестерге сол және өзге де мәселелер үшiн тiкелей жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың басшылары қатысады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнiң шақыруымен кеңестерге Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнiң депутаттары қатысуы мүмкiн.

  2. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру

      9. Жоспар-кестеге сәйкес мәселе бойынша бiрлесiп орындаушылар ретiнде айқындалған мемлекеттiк органдар мен ұйымдар Кеңес өтерден тоғыз күн бұрын материалдарды Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне енгiзедi. Кеңестерге материалдардың уақтылы ұсынылмағандығы үшiн жауапкершiлiк осы органдар мен ұйымдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.

      10. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi кеңес өтерге дейiн үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың материалдарын Премьер-Министрдiң Кеңсесiне енгiзедi.

      11. Кеңестердiң күн тәртiбi Жоспар-кестеге сәйкес қалыптастырылады.

      12. Бекiтiлген Жоспар-кестеге сәйкес кеңеске материалдарды талқыланатын мәселе құзыретiне жататын жауапты мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi Регламентiнiң 19-тармағында айқындалған тәртiппен дайындайды. Кұжаттар пакетi тұтастай елде және өңiрлер бөлiгiнде қаралатын мәселенiң жай-күйi туралы анықтаманы, проблемалы мәселелер мен оларды шешудiң ұсынылатын жолдарын қамтиды.

      13. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң кеңестi дайындауға жауапты құрылымдық бөлiмшесi:
      1) жұма күнiнен кешiктiрмей материалдарды кеңеске қатысушыларға таратуды қамтамасыз етедi, сондай-ақ қатысушылардың тiзiмдерiн жасайды және оларды хабардар етедi;
      2) осы кеңеске төрағалық етушi хаттамаға қол қойғаннан кейiн тиiстi адресаттарға таратуды қамтамасыз етедi және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      14. Кеңес әрбiр сенбi күнi сағат 10.00-де өткiзiледi.

      15. Кеңестiң жекелеген мiндеттерiн іске асыру үшiн қажет болған жағдайда кеңесте қаралатын мәселелердi алдын ала дайындау үшiн секциялар мен жұмыс топтары құрылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2007 жылғы 14 наурыздағы 
N 57-ө өкiмiмен    
бекiтiлген  

       Ескерту. Жоспар-кестеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2007.07.31.  N 206-ө  өкімімен.

  Селекторлық кеңестердің 2007 жылға арналған жоспар-кестесі

N

Мәселелер

Өткізу күні

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

1 .1.

Селекторлық кеңестердi
өткiзу тәртiбi туралы 

17 наурыз

ЭБЖМ, облыстардың, 
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

2.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2005-2007
жылдары айтылған жолдау-
ларын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралардың жалпыұлттық
жоспарын және Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң
2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасын орындау
жөнiндегi iс-шаралар
жоспары туралы

ЭБЖМ, облыстардың, 
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері 

3.

Мемлекеттiк және коммунал-
дық мүлiктi және заңды
тұлғалардың мүлкiн
түгендеу барысы туралы

Қаржымині, ЭБЖМ,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

4.

Халыққа қызмет көрсету
орталықтарын салу туралы

Әділетмині, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

2 .1.

"Ойын бизнесi туралы"
Қазақстан Республикасының
Заңын iске асыру жөнiнде
қабылданатын шаралар туралы

25 наурыз

ТСМ, ЭБЖМ, Қаржымині,
ИСМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

2.

Қазақстан Республикасының
Президентi H.Ә.Назарбаев-
тың 100 мектеп және 100
аурухана салу туралы
тапсырмасын орындау жөнiн-
дегi iс-шаралар туралы

ЭБЖМ, ИСМ, БҒМ, ДСМ,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Жолдауының
басымдықтарын түсiндiру
және iске асыру жөнiндегi
ақпараттық-насихаттау
жұмысының негiзгi
бағыттары туралы есебi

МАМ, БҒМ, Еңбекмині,
ДСМ, СІМ, ЭБЖМ,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

3 .1.

Тұрғын үй-коммуналдық
қызметтерге тарифтердi
қалыптастырудың кейбiр
мәселелерi туралы

31 наурыз

ИСМ, ТМРА, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

2.

Өңiрлердi 2007 жылғы
көктемгi егiс жұмыстарын
ұйымдастыруға және өткiзуге
даярлау барысы туралы

АШМ, ЭМРМ, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Жолдауын 
түсiндiру және насихаттау
жөнiндегi есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

4 .1.

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеумет-
тiк қорғау министрiнiң
кедейшiлiкпен және жұмыс-
сыздықпен күрес жөнiндегi
жұмыстардың барысы туралы
есебi

7 сәуір

Еңбекмині, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

2.

Бәсекеге қабiлеттiлiк және
экспорт жөнiндегi ұлттық
кеңес құру туралы

ИСМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Жолдауын
түсiндiру және насихаттау
жөнiндегi есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

5 .1.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң салық
және кедендiк рәсiмдердi
жетiлдiру (оңайлату)
жөнiндегi жұмыс туралы
есебi

14 сәуір

Қаржымині, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының әкімдері, "Атамекен"
ҚКЖЖО

2.

Су тасқынына қарсы және
жағалауларды бекiту жұмыс-
тарын уақтылы жүргiзу
жөнiнде қабылданған шаралар
туралы

ТЖМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан" атты Жолдауын
түсiндiру және насихаттау
жөнiндегi есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

6 .1.

2007 жылғы 1-тоқсандағы
бюджет қаражатын игеру
барысы туралы

21 сәуір

Қаржымині, ЭБЖМ,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

2.

2007 жылғы 1-тоқсандағы
инфляцияның жай-күйi және
оны тежеу жөнiндегi
шаралар туралы

Қаржымині, ЭБЖМ, ҚҚА,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Жолдауын
түсiндiру және насихаттау
жөнiндегi есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

7 .1.

Республикада бәсекелестiк-
тi, биржалық сауданы
дамыту, сондай-ақ нарықты
монополияландыру дәрежесiн
төмендету жөнiндегi
проблемалар мен ұсыныстар туралы

28 сәуір

ИСМ, ТМРА, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

2.

Ақмола облысы әкiмiнiң
Щучинск-Бурабай курорттық
аймағын дамыту жөнiндегi
iс-шаралардың орындалу
барысы туралы ақпараты

Ақмола облысының әкімі, ТСМ, ЭБЖМ

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Жолдауын
түсiндiру мәселелерi
бойынша өткiзiлген брифинг-
тер, баспасөз-конференция-
лары, баспа қызметi туралы
есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

8 .1.

Ақмола, Оңтүстiк Қазақстан,
Батыс Қазақстан және
Қызылорда облыстарының
ауылдық елдi мекендерiн
сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi
жұмыстардың барысы туралы

5 мамыр

АШМ, облыс әкімдері

2.

Ықтимал саяси және экономи-
калық құралдарды қолдана
отырып, Қазақстанның ДСҰ-ға
кiруi жөнiндегi жұмыс тобына мүше елдермен аграр-
лық секторды iшкi қолдаудың
қолайлы деңгейiн келiсу
туралы

АШМ, ИСМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Жолдауын
түсiндiру және насихаттау
жөнiндегi есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

9 .1.

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрiнiң ел
өңiрлерiн энергиямен
қамтамасыз ету жай-күйi
және саланы дамыту перспек-
тивалары туралы есебi

12 мамыр

МЭМР, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

2.

Оңтүстiк Қазақстан, Ақтөбе
облыстарындағы және Астана
қаласындағы тұрғын үй
құрылысының жай-күйi мен
перспективалары туралы

ИСМ, ТМРА, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан" атты Жолдауын
түсiндiру және насихаттау
жөнiндегi есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

10 .1.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
К.Қ.Мәсiмовтiң Қызылорда
облысына жұмыс сапарының
қорытындылары бойынша
берген хаттамалық тапсырма-
ларының орындалу барысы
туралы

19 мамыр

Қызылорда облысының әкімі, ТЖМ, ЭБЖМ

2.

Бiлiктi кадрларға қажет-
тiлiк және жоғары оқу
орындарының санын оңтайлан-
дыру және олардың әлемдiк
стандарттарға сәйкестiгi
туралы

БҒМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Жолдауын
түсiндiру және насихаттау
жөнiндегi есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

11 .1.

Әкiмшiлiк реформаны iске
асыру жөнiндегi iс-шаралар
жоспарының орындалу барысы
туралы

26 мамыр

ЭБЖМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

2.

Алматы облысы әкiмiнiң
Қапшағай су қоймасының
жағалауындағы туристiк
кешен объектiлерiн дамыту
жөнiндегi iс-шаралардың
iске асырылу барысы туралы
ақпараты

Алматы облысының
әкімі, ТСМ, ЭБЖМ

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауының
басымдықтарын түсiндiру
және насихаттау жөнiндегi
республикалық және өңiрлiк
ақпараттық-насихаттау
топтарының жұмысы туралы
есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

12 .1

Ел өңiрлерiнде инновация-
лық жобаларды iске асыру
бойынша даму институттары-
ның жергiлiктi атқарушы
органдармен өзара
iс-қимылы туралы

2 маусым

ИСМ, ЭБЖМ, "Қазына" ОДҚ, "Сарыарқа" ӘКК

2.

Ел өңiрлерiнде инновация-
лық жобаларды iске асыру-
дағы мемлекеттiк жеке
әрiптестiк қағидаттары
туралы

ИСМ, ЭБЖМ, "Сарыарқа" ӘКК

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауын түсiндiру
және насихаттау жөнiндегi
есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

13 .1.

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2006 жылғы 11 сәуiрдегi N
86 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейiнгi көлiк
стратегиясын iске асыру
туралы есебi

9 маусым

ККМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

2.

Астана қаласын, елiмiздiң
солтүстiк өңiрлерiн көк-
өнiспен және жемiс-жидек-
пен қамтамасыз ету жөнiн-
дегi шаралар туралы

АШМ, ИСМ, облыс
әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауын түсiндiру
және насихаттау жөнiндегi
есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

14 .1.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
К.Қ.Мәсiмовтiң Шығыс
Қазақстан облысына жұмыс
сапарының қорытындысы
бойынша берген тапсырмасы-
ның орындалу барысы туралы

16 маусым

Шығыс Қазақстан
облысының әкімі, ЭБЖМ

2.

Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрiнiң бәсекенi
дамыту, еңбек өнiмдiлiгiн
арттыру және өндiрiс шығыс-
тарын қысқарту жөнiндегi
есебi

ИСМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауын түсiндiру
және насихаттау жөнiндегi
есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

15 .1.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Ә.Назарбаевтың
100 мектеп және 100 ауру-
хана салу жөнiндегi
тапсырмасын орындау жөнiн-
дегi шаралар туралы

23 маусым

ЭБЖМ, ИСМ, БҒМ, ДСМ,
"Қазына" ОДҚ" АҚ,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

2.

2007 жылдың 5 айындағы
инфляцияның жай-күйi және
оны тұрақтандыру жөнiндегi
шаралар туралы

Қаржымині, ЭБЖМ, ҚҚА,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

3.

2007 жылдың 5 айында
бюджет қаражаттарын игеру
барысы туралы

МФ, ЭБЖМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

4.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауын түсiндiру
және насихаттау жөнiндегi
есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

16 .1.

Ағымдағы жылы бiлiм беру
жүйесiндегi Ұлттық бiрыңғай
тестiлеуге дайындық

30 маусым

БҒМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

2.

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттiгi төрағасы-
ның тарифтiк саясатты
реттеу және елдегi табиғи
монополия субъектiлерiмен
жұмыс жөнiндегi есебi

ТМРА, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Атырау облысы әкiмiнiң
өңiр халқының арасындағы
аурушаңдықты және жұмыс-
сыздықты қысқарту жөнiнде
қабылданатын шаралар
туралы есебi

Атырау, облыстардың,
ДСМ, Еңбекмині

4.

Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер, Мәдениет және
ақпарат министрлерiнiң
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2007 жылғы
28 ақпандағы "Жаңа әлемдегi
жаңа Қазақстан" атты
Жолдауын түсiндiру және
насихаттау жөнiндегi есебi

СІМ, МАМ

17 .1.

"Сарыарқа", "Оңтүстiк", "Ертiс" ӘКК-лердiң жұмыстары туралы

7 шілде

ИСМ, ЭБЖМ, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері, "Сарыарқа" ӘКК" АҚ

2.

Астана қаласын және
солтүстiк өңiрлердi
көкөнiспен және
жемiс-жидекпен қамтамасыз
ету туралы

АШМ, ИСМ, облыс
әкімдері

3.

Батыс Қазақстан облысы
әкiмiнiң Озинки-Тасқала
сауда орталығын электрмен
қамтамасыз ету және дамыту
мәселелерi жөнiндегi
ақпараты

Батыс Қазақстан облысының әкімі, МЭМР, ИСМ

4.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауын түсiндiру
және насихаттау жөнiндегi
есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

18 .1.

Жалғыз терезе қағидаты
бойынша халыққа қызмет
көрсету орталықтарының
жұмысы туралы

14 шілде

Әділетмині, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

2.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2003 жылғы 10
шiлдедегi N 1149 Жарлығымен
бекiтiлген Ауылдық аумақ-
тарды дамытудың 2004-2010
жылдарға арналған мемлекет-
тiк бағдарламасын iске
асыру барысы туралы

АШМ, ЭБЖМ, облыс
әкімдері

3.

Қазақстан Рсеупбликасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасының Президентi-
нiң 2007 жылғы 28 ақпан-
дағы "Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауын түсiндiру
және насихаттау жөнiндегi
есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

19 .1.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2004 жылғы 11
маусымдағы N 1388 Жарлығы-
мен бекiтiлген Қазақстан
Республикасында тұрғын үй
құрылысын дамытудың 2006-
2007 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасының
орындалу барысы туралы
Жамбыл облысы әкiмiнiң
есебi

21 шілде

Жамбыл облысының әкімі, ИСМ

2.

Елдiң солтүстiк өңiрлерi-
нiң 2007 жылдың егiнiн
жинауға дайындығы туралы

АШМ, облыс әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауын түсiндiру
және насихаттау жөнiндегi
есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

20 .1.

2007 жылдың I жартыжылды-
ғындағы инфляцияның жай-
күйi және оны тұрақтандыру
шаралары туралы

28 шілде

Қаржымині, ЭБЖМ, ҚҚА,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

2.

2007 жылдың I жыртыжылды-
ғында бюджет қаражаттарын
игеру туралы

Қаржымині, ЭБЖМ,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Әдiлет, Қаржы министрлерi-
нiң "Мүлiктi жария етуге
байланысты рақымшылық жасау
туралы" Қазақстан Республи-
касы Заңын iске асыру
барысы туралы есептерi

Әділетмині, Қаржымині,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

4.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жана Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауын түсiндiру
және насихаттау жөнiндегi
ақпараттық-насихаттау
жұмысының негiзгi
қорытындылары туралы есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

21 .1.

Тарифтiк реттеу тетiгiн
жетiлдiру туралы

4 тамыз

ИСМ, ТМРА, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

2.

алынып тасталды  

  

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауын түсiндiру
және насихаттау жөнiндегi
есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

22 .1.

Мемлекеттiк статистика
органдарының жұмысын
жетiлдiру туралы

11 тамыз

СА, ПМК

2.

Өңiрлерде мәдениет пен
спортты дамыту және жоғары
бiлiктi спортшыларды 2008
жылы Пекинде (Қытай Халық
Республикасы) өтетiн XXIX
жазғы олимпиадалық
ойындарға дайындау туралы

ТСМ, МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

алынып тасталды

  

23 .1.

"Концессия туралы"
Қазақстан Республикасының
Заңының iске асыру туралы

18 тамыз

ЭБЖМ, ККМ, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

2.

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
ел өңірлерін энергиямен
қамтамасыз етудің жай-күйі
және саланы дамыту
перспективалары туралы
есебі

ЭМРМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

алынып тасталды

  

24 .1.

Орман және дала өрттерiнiң
алдын-алу жөнiндегi шаралар
туралы

25 тамыз

ТЖМ, облыс әкімдері

2.

Құқықтық тәртiбi мен
халықтың қауiпсiздiгiн
нығайту туралы

ІІМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы
13 қазандағы N 995
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
ақпараттық теңсіздікті
төмендетудің 2007 - 2009
жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру
барысы туралы

АБА, БҒМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

25 .1.

Жергiлiктi маңызы бар
автокөлiк жолдарын салу,
қайта жаңарту барысы және
жөндеу туралы

1 қыркүйек

ККМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

2.

алынып тасталды

  

3. 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауын түсiндiру
және насихаттау жөнiндегi
есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

26 .1.

Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004 жылғы
11 маусымдағы N 1388
Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдар-
ға арналған мемлекеттік
бағдарламасының iске
асырылу барысы туралы

8 қыркүйек

ИСМ, Әділетмині, 
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

2.

2007-2008 жылдарғы қысқы
жылыту маусымына дайындық
барысы туралы

ЭМРМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

алынып тасталды

  

27 .1.

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2006 жылғы 14 қарашадағы N
216 Жарлығымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының
Экологиялық кодексiн және
Қазақстан Республикасының
орнықты дамуға көшуiнiң
2007-2024 жылдарға
арналған тұжырымдамасын
iске асыру жөнiндегi есебi

  

Қоршағанортамині,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

2.

Қазақстан Республикасын
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің ел
өңірлерін энергиямен
қамтамасыз етудің жай-күйі
және саланы дамыту
перспективалары туралы
есебі

ЭМРМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауын түсiндiру
және насихаттау жөнiндегi
есебi

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

28 .1.

2007 жылдың 8 айында
бюджет қаражатын игеру
туралы

22 қыркүйек

Қаржымині, ЭБЖМ, облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

2.

2007 жылдың 8 айындағы
инфляцияның жай-күйi және
оны тұрақтандыру жөнiндегi
шаралар туралы

Қаржымині, ЭБЖМ, ҚҚА,
 ИСМ, ТМРА, ҰБ, ЭМРМ,
АШМ, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

3.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ. Мәсімовтің Батыс
Қазақстан және Жамбыл
облыстарына жұмыс
сапарларының қорытындылары
бойынша берілген хаттамалық
тапсырмалардың орындалу
барысы туралы

Батыс Қазақстан және
Жамбыл облыстарының
әкімдері, ЭБЖМ

29 .1.

Ауыл шаруашылығы өнiмiн
өңдеудi ұйымдастыру, тамақ
өнеркәсiбiнде кластерлердi
қалыптастыру туралы

29 қыркүйек

АШМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

2.

Павлодар облысы әкiмiнiң
жұмысшы мамандықтарының
кадрларын даярлау
жөнiндегi есебi

Павлодар облысының
әкімі, БҒМ
 

3.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ. Мәсімовтің Қостанай
облысына жұмыс сапарының
қорытындылары бойынша
берілген хаттамалық
тапсырмалардың орындалу
барысы туралы және Астана
қаласы әкімінің есебі

Қостанай облысының
және Астана қаласының
әкімдері, ЭБЖМ

30 .1.

Жалғыз терезе қағидаты
бойынша халыққа қызмет
көрсету орталығының
жұмысын ұйымдастыру туралы

6 қазан

Әділетмині, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

2.

Атом энергетикасын дамыту
туралы

ЭМРМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2007 жылғы 28
ақпандағы "Жаңа әлемдегi
жаңа Қазақстан" атты
Қазақстан халқына Жолдауын-
да айтылған әлеуметтiк,
экономикалық және саяси
бастамаларды республиканың
ауылдық өңiрлерiнiң
мысалында жария ету туралы

МАМ, АШМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

31 .1.

Қазақстан Республикасы
Президентінiң 2007 жылғы 28
ақпандағы "Жаңа әлемдегi
жаңа Қазақстан" атты
Қазақстан халқына Жолдауын-
да айтылған зейнетақы мен
және жәрдемақыны арттыру
жөнiндегі шаралары туралы

13 қазан

Еңбекмині, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

2.

Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауын iске
асыру жөнiнде қабылданған
шаралар туралы ақпараты

Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі, МАМ

3.

Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің ел
өңірлерін энергиямен
қамтамасыз етудің жай-күйі
және саланы дамыту
перспективалары туралы
есебі

ЭМРМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

32 .1.

2007 жылдың 9 айында
бюджет қаражаттарын игеру
барысы туралы

20 қазан

Қаржымині, ЭБЖМ,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

2.

2007 жылғы 9 айдағы
инфляцияның жай-күйi және
оны тұрақтандыру жөнiндегi
шаралар туралы

Қаржымині, ЭБЖМ, ҚҚА, 
ИСМ, ТМРА, ҰБ, ЭМРМ,
АШМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

алынып тасталды

 

33 .1.

Шағын және орта бизнестi
дамыту және оның қызметiн
жандандыру жөнiндегi
шаралар туралы

27 қазан

ИСМ, "Қазына" ОДҚ АҚ,
"ШКДҚ" АҚ, облыстар-
дың, Астана және 
Алматы қалаларының
әкімдері

2.

Оңтүстiк Қазақстан облысы
әкiмiнiң Қазақстан
Республикасы
Премьер-Министрi
К.Қ.Мәсiмовтiң өңiрге
жұмыс сапары барысында
берген тапсырмаларын
орындау барысы туралы есебi

Оңтүстік Қазақстан
облысының әкімі, ЭБЖМ

3.

алынып тасталды

  

34 .1.

Медицина мекемелерiнiң
жай-күйi мен қазiргi
заманғы технологиялармен
және жабдықтармен қамтама-
сыз ету, халыққа сапалы
медициналық қызмет көрсету
стандарттарын әзiрлеу
жөнiндегi шаралар туралы

3 қараша

ДСМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

2.

Халыққа медициналық қызмет
көрсетудiң сапасы және
дәрi-дәрмекпен қамтамасыз
ету туралы

ДСМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

алынып тасталды

  

35 .1.

Қарағанды, Қостанай,
Павлодар және Шығыс 
Қазақстан облыстары
әкiмдерiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2004 жылғы 11 маусымдағы N
1388 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында
тұрғын үй құрылысын дамыту-
дың 2005-2007 жылдарға
арналған мемлекеттiк
бағдарламасын iске асыру
барысы туралы есебi

10 қараша

ИСМ, облыс әкімдері

2.

Алматы қаласы әкімінің 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы
11 маусымдағы N 1388 Жарлы-
ғымен бекітілген Қазақстан
Республикасында тұрғын үй
құрылысын дамытудың 2005-
2007 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру барысы туралы
есебі

Алматы қаласының
әкімі, ИСМ

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрiнiң Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан
халқына Жолдауында
белгiленген негiзгi
мiндеттердi талқылау
жөнiнде БАҚ-тағы арнайы
жарияланымдар туралы есебi

МАМ, БҒМ, Еңбекмині,
ЭБЖМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

36 .1.

Халықаралық сапа стандарт-
тарын әзiрлеу және елдiң
өнеркәсiп кәсiпорындарына
енгiзу барысы туралы

17 қараша

ИСМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

2.

Кадрларды даярлау және
қайта даярлау, компьютерлiк
сауаттылық деңгейiн
арттыру туралы

БҒМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің ел
өңірлерін энергиямен
қамтамасыз етудің жай-күйі
және саланы дамыту
перспективалары туралы
есебі

ЭМРМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

37 .1.

2007 жылдың 10 айында
бюджет қаражаттарын игеру
барысы туралы

24 қараша

Қаржымині, министрлік-
тер, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

2.

2007 жылдың 10 айында
инфляцияның жай-күйi және
оның тұрақтылығы жөнiндегi
шаралар

  

Қаржымині, ЭБЖМ, ҚҚА,
ИСМ, ТМРА, ҰБ, ЭМРМ,
АШМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 13
қазандағы N 995 қаулысымен
бекітілген Қазақстан
Республикасында ақпараттық
теңсіздікті төмендетудің
2007 - 2009 жылдарға
арналған бағдарламасын іске
асыру барысы туралы

  

АБА, БҒМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

38 .1.

Медициналық кластердi құру
жөнiндегi Астана қаласы
әкiмiнiң есебi

1 желтоқсан

Астана қаласының
әкімі, ДСМ

2.

Қазақстан Республикасы Жер
ресурстарын басқару
агенттiгi төрағасының жер
реформасын жүргiзу барысы,
атап айтқанда, жеке тұрғын
үй құрылысы үшiн жер
учаскелерiн рәсiмдеу және
беру ресiмдерiн оңайлату-
дағы олардың ашықтығын
қамтамасыз ету туралы есебi

ЖБА, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

алынып тасталды  

  

39 .1.

Елдiң көшi-қон саясаты
туралы

8 желтоқсан

ІІМ, Әділетмині,
Еңбекмині, облыстар-
дың, Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері
 

2.

Ел экономикасының шикiзат
емес секторын дамытуды
әртараптандыру туралы

ИСМ, ЭБЖМ, "Қазына", ОДҚ" АҚ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің Қазақстан
Республикасы Президентінің
2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан" атты Жолдауында
белгіленген негізгі міндет-
терді талқылау жөнінде
БАҚ-да арнайы жариялау
туралы есебі

МАМ, БҒМ, Еңбекмині, ЭБЖМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері
 

40 .1.

Кластерлiк саясатты iске
асыру туралы

15 желтоқсан

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ККМ,
Қаржымині, МЭМР,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері, "Қазына"
ОДҚ" АҚ, "Сарыарқа" ӘКК" АҚ

2.

Мемлекеттiк тiлдi дамыту
және мемлекеттiк тiлдi
оқыту орталықтарын ашу
туралы

МАМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

3.

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің ел
өңірлерін энергиямен
қамтамасыз етудің жай-күйі
және саланы дамыту
перспективалары туралы
есебі

ЭМРМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері

41 .1.

2007 жылғы 11 айда бюджет-
тік қаражатты игеру туралы

22
желтоқсан

Қаржымині, ЭБЖМ,
облыстардың, Астана
және Алматы қалалары-
ның әкімдері

2.

2007 жылдың 11 айындағы
инфляцияның жай-кұйі және
оны тұрақтандыру жөніндегі
шаралар турвлы

Қаржымині, ЭБЖМ, ҚҚА,
ИСМ, ТМРА, ҰБ, ЭМРМ,
АШМ, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері 

3

Өткен селекторлық
кеңестерде берілген
хаттамалық шешімдердің
орындалу барысы туралы

ЭБЖМ, мемлекеттік
органдар, облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері 

       Ескертпе :
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
IIМ -  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
TCM - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
MAM - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын
реттеу және қадағалау агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
"Сарыарқа" ӘКК ҰК" АҚ - "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы "ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы
"Қазына" ОДҚ" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы
"ШКДҚ" АҚ - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады