Ресей Федерациясы Үкiметiнiң Төрағасы М.Е.Фрадковтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы N 70-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту, 2007 жылғы 29 - 30 наурызда Астана қаласында Ресей Федерациясы Yкiметiнiң Төрағасы Михаил Ефимович Фрадковтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын; 
      сапарды өткiзуге арналған шығыстарды 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ Ресей Федерациясының Үкiметi Төрағасының арнайы ұшағын (бұдан әрi - арнайы ұшақ) күзетудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен: 
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, арнайы ұшақтың Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын; 
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмовтiң атынан Ресей Федерациясы Үкiметiнiң Төрағасы Михаил Ефимович Фрадковтың құрметiне ресми қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
      6. Астана қаласының әкiмдiгi Ресей Федерациясының делегациясын қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiрудi, Ресей Федерациясы делегациясының баратын жерлерiнде бiрге жүрудi, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Астана қаласының әуежайында Ресей Федерациясы Yкiметiнiң Төрағасы Михаил Ефимович Фрадковты қарсы алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын. 
      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2007 жылғы 28 наурыздағы
N 70-ө өкiмiне    
қосымша    

Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiн (1+5) Астана қаласындағы "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету. 
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн Астана қаласындағы "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Ресей Федерациясының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткiзiлетiн орындарды гүлмен безендiру.
      7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.Қ. Мәсiмовтiң атынан Ресей Федерациясы Үкiметiнiң Төрағасы М.Е.Фрадковтың құрметiне ресми қабылдау ұйымдастыру.
      8. Ресми делегация мүшелерiне және олармен бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады