Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы - Испанияның Сыртқы істер министрі М.А. Моратиностың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N 85-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (бұдан әрі - ЕҚЫҰ) арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету және 2007 жылғы 10 - 11 сәуірде ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы - Испанияның Сыртқы істер министрі М.А. Моратиностың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес ЕҚЫҰ ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001»"Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003»"Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бюджеттік бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ЕҚЫҰ-ның ресми делегациясы мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыты бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы - Испанияның Сыртқы істер министрі М.А.Моратиностың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласының әкімі ЕҚЫҰ-ның ресми делегациясын әуежайдың VIР-залында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын және болатын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ ресми қабылдау уақытында концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2007 жылғы»10 сәуірдегі 
N 85-ө өкіміне     
қосымша    

ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы - Испанияның Сыртқы істер министрі М.А.Моратинос бастаған ресми делегацияның мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. ЕҚЫҰ ресми делегациясының мүшелерін Астана қаласының "Риксос" қонақ үйінде 1+5 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының»"Риксос" қонақ үйіне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы рұқсатнамалар, куверткалар, ресми қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. ЕҚЫҰ ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. ЕҚЫҰ ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің ЕҚЫҰ ресми делегациясы мүшелерімен қонақасын ұйымдастыру.
      8. ЕҚЫҰ ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға болатын орындарында медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады