Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыратын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарының үйлестіру кеңесін өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі N 101-ө Өкімі

      2007 жылғы 25-26 сәуірде Астана қаласында Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыратын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарының үйлестіру кеңесін (бұдан әрі - кеңес) тиімді дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      кеңеске қатысушыларды көлікпен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсін;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, чартерлік рейстердің Қазақстан аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын қамтамасыз ету жөнінде, сондай-ақ Астана қаласының әуежайында жер үсті қызметін көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғамдық тәртіпті сақтауды және кеңеске қатысушылардың келетін, тұратын және болатын орындардағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі кеңесті өткізуді ақпараттық-техникалық және технологиялық қамсыздандыруды қамтамасыз етсін.
      4. Астана қаласының әкімі кеңесті өткізу, кеңеске қатысушыларды қарсы алуды және шығарып салуды ұйымдастыру, әуежайды, қала көшелерін және тұратын жерлерді безендіру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі іс-шараларды өткізу кезеңінде кеңеске қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі журналистерді аккредиттеуді және кеңесті дайындау мен өткізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етуді,  сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан ресми қабылдауға концерттік бағдарлама дайындауды қамтамасыз етсін.
      7. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады