"Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен Каир қаласына (Египет Араб Республикасы) бірге жүретін Қазақстан Республикасының делегациясын іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы N 46-ө
өкіміне
мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасында:
екінші абзацта "Қайрат Нематұлы Келімбетовті" деген сөздерден кейін "Серік Мінуарұлы Бүркітбаевты, Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбекті, Ерлан Сапарұлы Байжановты, Бақтыбай Аманжолұлы Шахановты, Қайрат Сағатбекұлы Мақажановты, Сергей Викторович Бондаренконы, Болатбек Құлжымбайұлы Отарбаевты" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта»"Астана - Стамбул - Каир" деген сөздер "Астана - Стамбул - Каир - Дубай - Алматы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Серік Мінуарұлы Бүркітбаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Каир - Майндағы Франкфурт - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша;
Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбекке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Каир - Дубай - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша;
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Ерлан Сапарұлы Байжановқа, Қазақстан Республикасы Президентінің жеке телеоператорлары Бақтыбай Аманжолұлы Шахановқа, Қайрат Сағатбекұлы Мақажановқа, Қазақстан Республикасы Президентінің жеке фотографтары Сергей Викторович Бондаренкоға, Болатбек Құлжымбайұлы Отарбаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Каир - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша;".
Премьер-Министр