Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы "Атасу-Алашанькоу" магистральдық мұнай құбырын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" келісімнің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 11 мамырдағы N 122-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы "Атасу-Алашанькоу" магистральдық мұнай құбырын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" келісімнің жобасы (бұдан әрі - Келісімнің жобасы) бойынша Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірыңғай ұстанымын әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамдағы жұмыс тобы құрылсын:

Қиынов                - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Ләззат Кетебайұлы       минералдық ресурстар вице-министрі, жетекші

Ноғаев                - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Нұрлан Асқарұлы         минералдық ресурстар министрлігі Мұнай
                        өнеркәсібі департаментінің директоры,
                        жетекшінің орынбасары

Сүйесінов             - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Амантай Кемелұлы        минералдық ресурстар министрлігі Мұнай
                        өнеркәсібі департаменті директорының
                        орынбасары, хатшы

Сәрсембеков           - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қазбек Өмірзақұлы       министрлігі Азия және Африка департаментінің
                        кеңесшісі

Момышев               - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Талғат Амангелдіұлы     министрлігінің Техникалық реттеу және
                        метрология комитеті төрағасының орынбасары

Досмұратова           - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Нұргүл                  Кедендік бақылау комитеті энергия
Ғинаятоллақызы          ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыру
                        басқармасының бастығы

Жапсарбеков           - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Берік Перменқұлұлы      қауіпсіздік комитеті үкіметтік байланысты
                        қамтамасыз ету орталығының басқарма бастығы

Бекмағанбетов         - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Бақытжан Оспанұлы       және байланыс агенттігінің байланыс
                        саласында радиожиілік спектрді меншіктеу
                        және мемлекеттік қадағалау басқармасының
                        бастығы

Төрегелдин            - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Аман Жақсыбайұлы        Салық комитетінің әкімшілендіру және ірі
                        салық төлеушілер мониторингі басқармасы
                        әкімшілендіру және көлік, байланыс және
                        энергетика секторы салаларының мониторингі
                        бөлімінің бастығы

Мұстафина             - Қазақстан Республикасы Табиғи
Роза Маратқызы          монополияларды реттеу агенттігі мұнай-газ
                        құбыры көлігін реттеу бөлімінің бастығы

Доспаева              - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Гүлнара Қайратқызы      минералдық ресурстар министрлігі Мұнай
                        өнеркәсібі департаментінің мұнай тасымалдау
                        жобаларының мониторингі және мұнай
                        айналымын реттеу бөлімінің бас маманы

Нұрмағамбетова        - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Ләззат Қалыбекқызы      Халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік
                        құқықтарын қорғау, шарттар және талап
                        қою-қуыну жұмысы департаменті құқықтық
                        көмек туралы халықаралық шарттарды жасасу
                        және атқару бөлімінің жетекші маманы

Раханов               - "ҚазМұнайГаз" ҰК" акционерлік қоғамының
Тимур Мақсұтбекұлы      мұнай және газ құбыр көлігі жобаларын
                        басқару департаментінің директоры

Есімбеков             - "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамы
Сабыр Сайлаубекұлы      бас директорының орынбасары

Ілеуов                - "Қазақстан-қытай құбыры" жауапкершілігі
Әзиз Тоқшалықұлы        шектеулі серіктестігі бас директорының
                        орынбасары

Жүрсінов              - "КМGС" жауапкершілігі шектеулі
Рүстем Манарбекұлы      серіктестігінің бас директоры

Тоқтаров              - "КМGС" жауапкершілігі шектеулі
Болат Нұрланұлы         серіктестігінің салықтар жөніндегі тобының
                        директоры

Оспанов               - "Қазақстан метрология институты"
Оңдасын Қаратайұлы      республикалық мемлекеттік кәсіпорны
                        қолданбалы метрология басқармасының бастығы.

      2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Келісімнің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлесін.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2007 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде Қытай Халық Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдерімен Келісімнің жобасын келіссін және "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы "Атасу-Алашанькоу" магистральдық мұнай құбырын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады