Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 133-ө Өкімі

      1. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (бұдан әрі - АӨСШК) одан әрі нығайту мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
 
      Мусин                 - Қазақстан Республикасының
      Қобыланды Нұрғалиұлы    Туризм және спорт вице-министрі

      Құсайынов             - Қазақстан Республикасының
      Марат Әпсеметұлы        Экономика және бюджеттік
                              жоспарлау вице-министрі

      Ермекбаев            - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
      Нұрлан Байұзақұлы      министрінің орынбасары, жетекші

      Сексенбаев           - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
      Тілеужан Садықжанұлы   министрлігі Азиялық ынтымақтастық
                             басқармасының бастығы, жетекшінің
                             орынбасары

      Тумыш                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
      Қанат Қобыландыұлы     министрлігі Азиялық ынтымақтастық
                             басқармасының бөлім бастығы, хатшы

      Ақшолақов            - Қазақстан Республикасының Энергетика
      Болат Оралұлы          және минералдық ресурстар вице-министрі

      Баталов              - Қазақстан Республикасының Индустрия
      Асқар Болатұлы         және сауда вице-министрі

      Бабақұмаров          - Қазақстан Республикасының Мәдениет
      Ержан Жалбақұлы        және ақпарат вице-министрі

      Бірәлиев             - Қазақстан Республикасының Қоршаған
      Әлжан Хамидоллаұлы     ортаны қорғау вице-министрі

      Бітімов              - Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Өміртай Мақашұлы       қауіпсіздік комитеті»"Барлау"
                             қызметінің директоры

      Ерғожин              - Қазақстан Республикасының Қаржы
      Дәулет Еділұлы         вице-министрі

      Жұмабаев             - Қазақстан Республикасының
      Серікбай Сұлтанұлы     Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы
                             байланыстар және протокол бөлімі
                             меңгерушісінің орынбасары

      Қасымбек             - Қазақстан Республикасының Көлік
      Жеңіс Махмұдұлы        және коммуникация вице-министрі

      Қасымов              - Қазақстан Республикасының Ішкі
      Қалмұханбет            істер вице-министрі
      Нұрмұханбетұлы

      Қонаев               - Қазақстан Республикасы Статистика
      Элдар Асқарұлы         агенттігі төрағасының орынбасары

      Қуанғанов            - Қазақстан Республикасының Білім
      Фархад Шаймұратұлы     және ғылым вице-министрі

      Құсдәулетов          - Қазақстан Республикасының Әділет
      Дулат Рашитұлы         вице-министрі

      Петров               - Қазақстан Республикасының Төтенше
      Валерий Викторович     жағдайлар вице-министрі

      Рябцев               - Қазақстан Республикасы Ауыл
      Анатолий Дмитриевич    шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
                             комитетінің төрағасы

      Сембинов             - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
      Болат Қаскенұлы        министрінің орынбасары

      2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 22 қарашаға дейінгі мерзімде АӨСШК сенім шаралары каталогын экономикалық, экологиялық, ізгілік өлшемдерде, сондай-ақ жаңа сындарға және қатерлерге қарсы күрес саласында іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

      3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжинге жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады