Испания королі Хуан Карлос I Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 29 маусымдағы N 175-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Испания Королі Хуан Карлос I 2007
жылғы 29 - 30 маусымда Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі
- сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру
іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды
дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру
іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Испания Корольдігі делегациясының
мүшелеріне»"1+1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде
ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2007
жылға арналған республикалық бюджетте 001»"Мемлекет басшысының,
Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды
адамдарының қызметін қамтамасыз ету"»және 003»"Республикалық
деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы"
бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
(келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Испания Корольдігінің делегациясы мүшелерінің
Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын
орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге
жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп,
Испания королі Хуан Карлос I арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы
аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын
және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз
етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың атынан ресми кешкі қонақасы кезінде концерттік
бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Астана қаласының әкімі Испания Корольдігінің делегациясын
Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі
ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын жерлерде бірге
жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім
бойынша) Астана қаласының әуежайында Испания Корольдігінің
делегациясын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр 
 

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2007 жылғы»29 маусымдағы 
175-ө өкіміне     
қосымша        

Испания Корольдігі делегациясының мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Испания Корольдігі делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы»"Риксос Президент - Астана"»қонақ үйіне»"1+1+10"» форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
қызметкерлерін Астана қаласындағы»"Риксос Президент - Астана"»қонақ
үйіне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары,
автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға
шақырулар) дайындау.
      4. Испания Корольдігі делегациясының басшысы, оның жұбайы
мен делегация мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Испания Корольдігінің делегациясын Астана қаласының
әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын
ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың атынан Испания королі Хуан Карлос I мен София
королеваның құрметіне Астана қаласында ресми кешкі қонақасы
ұйымдастыру.
      8. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға
медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады