Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Хорватия Республикасының Президенті Степан Месичтің 2007 жылғы 4-7 шілдеде Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және еткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
қосымшаға сәйкес Хорватия Республикасы делегациясының мүшелеріне»"1+5" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001»"Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003»"Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Хорватия Республикасы делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Хорватия Республикасының Президенті Степан Месичтің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан ресми кешкі қонақасы кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
6. Астана қаласының әкімі Хорватия Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, болатын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында хорват делегациясын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.
8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы»5 шілдедегі
N 179-ө өкіміне
қосымша
Хорватия Республикасы делегациясының мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Хорватия Республикасы делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Редисон САС" қонақ үйіне "1+5" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы»"Редисон САС" қонақ үйіне орналастыру.
3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Хорватия Республикасы делегациясының басшысы және мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Хорватия Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен көркемдеу.
7. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан Хорватия Республикасының Президенті Степан Месичтің құрметіне Астана қаласында ресми кешкі қонақасы ұйымдастыру.
8. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.