Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін мұнай-газ кен орындарын игеру кезінде өндірілетін күкіртті өндіру, тасымалдау, сақтау және кәдеге жарату мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 200-ө Өкімі

      Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін мұнай-газ кен орындарын игеру барысында өндірілетін күкіртті өндіру, тасымалдау, сақтау және кәдеге жарату мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы       минералдық ресурстар министрі, жетекші

Ақшолақов               - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Болат Оралұлы             минералдық ресурстар вице-министрі,
                          жетекшінің орынбасары

Сармурзина              - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Раушан Ғайсақызы          минералдық ресурстар министрлігі
                          Технологиялық даму және мемлекеттік
                          активтерді басқару департаментінің
                          директоры, хатшы

Белоног                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Анатолий Александрович    министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
                          эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
                          төрағасы

Темірханов              - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Кеңес Қайыргелдіұлы       қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды
                          бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Нәрегеев                - Қазақстан Республикасы Көлік және
Бекболат Қойжанұлы        коммуникация министрлігі Қатынас жолдары
                          комитеті төрағасының орынбасары

Веснин                  - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Виктор Николаевич         министрлігі Төтенше жағдайларды және
                          өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік
                          бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Кәрібаев                - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Ержан Ғаббасұлы           минералдық ресурстар министрлігі Геология
                          және жер қойнауын пайдалану комитеті
                          төрағасының орынбасары

Ілиясов                 - Атырау облысы Табиғи ресурстар және
Еламан Қауанұлы           табиғатты пайдалануды реттеу
                          департаментінің директоры

Ыбыраева                - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Светлана Айтқалиқызы      акционерлік қоғамының ТШО үлестерді
                          басқару департаментінің директоры
                          (келісім бойынша)

Сағынғалиев             - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Мұхтар Бөлекбайұлы        акционерлік қоғамының Солтүстік-Каспий
                          жобасы департаментінің директоры (келісім
                          бойынша)

Әшкенов                 - "Қазақ мұнай және газ институты"
Ермек Рахымғазыұлы        акционерлік қоғамының аға вице-президенті
                          (келісім бойынша)

Таубаев                 - "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі
Мақсат Қасенұлы           серіктестігі бас директорының орынбасары
                          (келісім бойынша)

Норман Хансен           - "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі
                          серіктестігінің маркетинг және тасымалдау
                          бас менеджері (келісім бойынша)

Армандо Секки           - Agip Kazakhstan North Caspian Operating
                          Company N.V. компаниясының күкіртті
                          коммерциялық пайдалану мүмкіндіктерін
                          бағалау бөлімінің бастығы (келісім
                          бойынша)

Кирк Тинсли             - "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі
                          серіктестігі экология бөлімінің бастығы
                          (келісім бойынша)
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы  N 390-ө  Өкімімен.

      2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін мұнай-газ кен орындарын игеру барысында өндірілетін күкіртті өндіру, тасымалдау, сақтау және кәдеге жарату мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады