Қарамағындағы мемлекеттік органдар мен мекемелерді ұстауға жұмсалатын шығындар жоспарланатын нормалар мен нормативтерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 204-ө Өкімі

      Қарамағындағы мемлекеттік органдар мен мекемелерді ұстауға жұмсалатын шығындар жоспарланатын нормалар мен нормативтерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Құсайынов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы          бюджеттік жоспарлау вице-министрі, жетекші

Боранғалиева            - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мәрзия Мұханбетрахымқызы  бюджеттік жоспарлау министрлігі Әдіснама,
                          тиімділікті бағалау және функционалдық
                          талдау департаментінің директоры,
                          жетекшінің орынбасары

Жәмішева                - Қазақстан Республикасы Экономика және
Сәуле Аманжолқызы         бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                          Әдіснама, тиімділікті бағалау және
                          функционалдық талдау департаменті
                          әдіснама басқармасының бастығы, хатшы

Ақшолақов               - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Болат Оралұлы             минералдық ресурстар вице-министрі

Бабақұмаров             - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ержан Жалбақұлы           ақпарат вице-министрі

Бишіғаев                - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Асқар Дәруішұлы           және байланыс агенттігі төрағасының
                          орынбасары

Бишімбаев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қуандық Уәлиханұлы        сауда вице-министрі

Құсайынов               - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы     коммуникация вице-министрі

Нүсіпова                - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Әсем Бекқызы              сақтау вице-министрі

Султанов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы         вице-министрі

      2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін қарамағындағы мемлекеттік органдар мен мекемелерді ұстауға жұмсалатын шығындар жоспарланатын нормалар мен нормативтерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

       Премьер-Министр

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады