Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 маусымдағы N 174-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 205-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының делегациясын Лондон қаласына (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 маусымдағы N 174-ө  өкіміне  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      Наталья Артемовна Коржоваға, Қайрат Темірбайұлы Жақыповқа және Мәдина Байтұрсынқызы Қойшымановаға 2007 жылғы 24-28 маусым кезеңінде қонақ үйде тұруға, тәуліктік шығыстарға, сондай-ақ Алматы - Стамбул - Лондон - Мәскеу - Астана бағыты бойынша (Мәдина Байтұрсынқызы Қойшымановаға Алматы - Стамбул - Лондон - Стамбул - Астана бағыты бойынша) көліктік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005»"Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша;".

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады