Иордания Королі Абдалла II бен Хусейіннің Қазақстан Республикасына ресми сапарына дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 7 тамыздағы N 212-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимиттік Корольдігі (бұдан әрі - Иордания) арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және 2007 жылғы 8-10 тамыз кезеңінде Астана қаласында Иордания Королі Абдалла II бен Хусейннің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Иордания делегациясының мүшелеріне "1+11" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Иорданияның ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Иордания Королі Абдалла II бен Хусейннің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Астана қаласының әкімі Иордания делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Иордания Королі Абдалла II бен Хусейнді қарсы алу және шығарып салу ресми салтанатына қатыссын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2007 жылғы 7 тамыздағы 
N 212-ө өкіміне    
қосымша      

Иордания Королі Абдалла II бен Хусейннің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Иордания ресми делегациясының мүшелерін (1+11 форматы бойынша), бірге жүретін адамдарды Астана қаласындағы қонақ үйге орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін қонақ үйге орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары,
автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға
шақырулар) дайындау. 
      4. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Иордания ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      7. Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Иордания Королі Абдалла II бен Хусейннің құрметіне ресми қабылдау ұйымдастыру.
      8. Ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады