Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 325-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 219-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын 2008 жылға дейінгі кезеңде еуропалық авиация талаптарына көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 325-ө  өкіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын 2008 жылға дейінгі кезеңде еуропалық авиация талаптарына көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 7-жолдағы "2007 жылғы 31 наурызға дейін" деген сөздер "2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 9-жолдағы "2007 жылғы 30 маусымға дейін" деген сөздер "2007 жылғы 30 қарашаға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 10, 11 және 12-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"

10

1. Азаматтық авиация саласының жай күйін және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық базасының жай-қүйінің халықаралық авиация талаптары мен стандарттарына сәйкестігін талдау.

Үкіметке
ақпарат

ККМ

2007
жылғы 31
қазанға
дейін

85,1

Респуб-
ликалық
бюджет

 

2. Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласының және салалық нормативтік құқықтық базасының еуропалық авиация талаптарына сәйкес келтіру қажеттілігін анықтау және талдау.

  

  

  

  

  

 

3. Анықталған қажет- тіліктердің басымдылығын және оларды еуропалық авиация стандарттарына көшірудің кезектілігін айқындау.

  

  

  

  

  

 

4. Анықталған қажеттіліктер мен кезектілікті ескере отырып, қызметі еуропалық авиация талаптарына сәйкес келтіруге жататын азаматтық авиация субъектілерінің тобын айқындау.

  

  

  

  

  

 

5. Азаматтық авиация саласын еуропалық авиация стандарттарына көшірудің экономикалық тиімділігін бағалау.

  

  

  

  

  

11.

1. ККМ ААК қызметкерлері мен азаматтық авиация субъектілері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын жасау

Үкіметке ақпарат

ККМ

2007
жылғы
30
қарашаға
дейін 

53,4

Республикалықбюджет

 

2. Бағдарлама бойынша біліктілігін арттыруға жіберілетін адамдардың тізбесін қалыптастыру үшін сала қызметкерлері
мен ҚР ККМ ААК қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарының тізбесін айқындау

  

  

  

  

  

 

3. Бағдарлама бойынша біліктілігін арттыруға жіберілетін адамдарды конкурстық іріктеу жөніндегі іс-шаралар.

  

  

  

  

  

 

4. Біліктілікті арттыру жөнінде семинарлар өткізу.

  

  

  

  

  

12.

1. Азаматтық авиация саласын және салалық нормативтік құқықтық базаны еуропалық авиация талаптарына көшіру кестесін жасау.

Үкіметке ақпарат, семинар-лар

 

ККМ

2007 жылғы 15 желтоқ- санға дейін

50,7

Республикалық бюджет

 

2. Кестеге ЕАSА-ның қорытындысын алу

  

  

  

  

  

                                                                 ".

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады