Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 тамыздағы N 222-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, 2007 жылғы 17-18 тамыз кезеңінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне "1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары  бойынша көзделген  қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қытай халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын  және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      6. Астана қаласының әкімдігі Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу мен шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында қытай делегациясын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрінің
                                          2007 жылғы 13 тамыздағы 
                                                N 222-ө өкіміне
                                                     қосымша

Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру шаралары
 

      1. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша), бірге жүретін адамдарды Астана қаласының "Okan Intercontinental Astana" қонақ үйіне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлікті қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет Қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының "Okan Intercontinental Astana" қонақ үйіне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, ресми қонақасына шақырулар) дайындау.
      4. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткізетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның құрметіне ресми қабылдау ұйымдастыру.
      8. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады