"Қазақстан Республикасының делегациясын Санкт-Петербург қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 7 маусымдағы N 156-ө
өкіміне
мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен:
Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаевты, Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденовты, Қайрат Нематұлы Келімбетовты, Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалинді, Жанар Сейдахметқызы Айтжанованы, Лашын Ерқараұлы Аймағамбетовті, Әлия Бақытқызы Айғаринаны қоспағанда, делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Санкт-Петербург - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша;
Жанар Сейдахметқызы Айтжановаға 2007 жылғы 8-11 маусым
кезеңінде Санкт-Петербург және 2007 жылғы 11 маусымда Мәскеу қалаларында қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Санкт-Петербург - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша;
Лашын Ерқараұлы Аймағамбетовке және Әлия Бақытқызы Айғаринаға 2007 жылғы 6-11 маусым кезеңінде қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Санкт-Петербург - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютада қаражат бөлсін".
Премьер-Министр