"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы N 231-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған»"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                               Премьер-Министрінің
                                             2007 жылғы 22 тамыздағы
                                                  231-ө өкімімен
                                                     бекітілген

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2007.10.28.  N 313-ө  Өкімімен.

   "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
 салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер
   мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
     2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
   қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
N

Нормативтік құқықтық
актінің атауы

Аяқталу
нысаны

Жауапты
орындаушы

Орындау
мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігінің
мәселелері

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ТМРА

2007 жылғы тамыз

2

Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және
байланыс агенттігінің
мәселелері

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

АБА

2007 жылғы тамыз

3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ЭМРМ

2007 жылғы тамыз

4

(алынып тасталды - 2007.10.28. N 313-ө)

5

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 26
қарашадағы N 1237 қаулы-
сына өзгерістермен
толықтырулар енгізу
туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИСМ

2007 жылғы тамыз

6

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 16
қазандағы N 996 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

АБА

2007 жылғы тамыз

7

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 21
тамыздағы N 884 қаулысына
өзгерістер енгізу және
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 19
қаңтардағы N 28 қаулысы-
ның күші жойылды деп
тану туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

АБА

2007 жылғы тамыз

8

Бағаларын мемлекет
реттейтін тауарлардың
(жұмыстардың, қызмет-
тердің) номенклатурасын
бекіту туралы 

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИСМ (жинақтау) ТМРА

2007 жылғы тамыз

9

Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген
номенклатураға қамтылған
тауарларға (жұмыстарға,
қызметтерге) баға
белгілеу ережесін бекіту
туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ТМРА

2007 жылғы тамыз

10

Темір жол көлігі, электр-
және жылу энергетика,
мұнай, мұнай өнімдері
мен газ тасымалдау,
азаматтық авиация,
порттар, телекоммуника-
циялар және почта байланысы саласындағы
тауар нарықтарында үстем
(монополиялық) жағдайға
ие нарық субъектілерінің
тауарларына (жұмыстарына,
қызметтеріне) баға
белгілеу ережесін бекіту
туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА (жинақтау)АБА

2007 жылғы тамыз

11

Қуаттылығы аз табиғи
монополиялар субъекті-
лерінің қызметін
оңайлатылған мемлекеттік
реттеу ережесін бекіту
туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА

2007 жылғы тамыз

12

Жарғылық капиталына
мемлекеттің қатысуымен
заңды тұлғалар болып
табылатын табиғи монопо-
лиялар субъектілерінің
және олармен аффилирлен-
ген тұлғалардың әкімшілік
персоналының басқарушы
қызметкерлеріне еңбек
ақы төлеудің штаттық
кестесін және шекті
деңгейін келісу ережесін
бекіту туралы

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2007 жылғы тамыз

13

Қазақстан Республикасында
электр энергиясының
орталықтандырылған
сауда-саттықтарын
ұйымдастыру және олардың
жұмыс істеу ережесін
бекіту туралы

ТМРА бұйрығы

ТМРА (жинақтау) ЭМРМ

2007 жылғы тамыз

14

Қазақстан Республикасының
Энергетика және минерал-
дық ресурстар министрі
міндетін атқарушының
2004 жылғы 10 қыркүйек-
тегі N 212 бұйрығының
күші жойылды деп тану
туралы

ЭМРМ бұйрығы

ЭМРМ

2007 жылғы тамыз

15

Электр энергиясының
бөлшек нарығына қол
жеткізу ережесін бекіту
туралы

ТМРА бұйрығы

ТМРА (жинақтау) ЭМРМ

2007 жылғы тамыз

16

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минерал-
дық ресурстар министрінің
2004 жылғы 30 қыркүйек-
тегі N 232 бұйрығының
күші жойылды деп тану
туралы

ЭМРМ бұйрығы

ЭМРМ

2007 жылғы тамыз

17

Тауар нарықтары субъекті-
лерінің тауарларына
(жұмыстарына,
қызметтеріне) және
инфрақұрылымына
кемсітусіз қол жеткізуді
қамтамасыз ету мақсатында
тиісті тауар нарықтарына
мемлекеттік органдардың,
нарық субъектілерінің
және олардың бірлестік-
терінің олардың талдау
жүргізуі үшін реттеуші
органға деректер ұсыну
нысандарын бекіту туралы 

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2007 жылғы тамыз

18

Тауарларға (жұмыстарға,
қызметтерге) бағаларды
алдағы көтеру туралы
реттеуші органды хабардар
ету ережесін бекіту
туралы

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2007 жылғы тамыз

19

"Тауарларға (жұмыстарға,
қызметтерге) бағаны
алдағы көтеру туралы
тиісті тауар нарығындағы
үстем (монополиялық)
жағдайға ие нарық
субъектілерінің
Мемлекеттік тізіліміне
енгізілген нарық
субъектілерінің
монополияға қарсы
органды хабардар ету
ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігі
Бәсекелестікті қорғау
комитеті төрағасының
2006 жылғы 7 қарашадағы
N 251-НҚ бұйрығының күші
жойылды деп танылсын

ИСМ БҚК бұйрығы

ИСМ БҚК

2007 жылғы тамыз

20

Кірме жолдардың
магистральдық және
станциялық жолдарға
жалғасуына рұқсат беру
ережесін бекіту туралы

ТМРА бұйрығы

ТМРА (жинақтау) ККМ

2007 жылғы тамыз

21

Телекоммуникациялардың
әмбебап қызметтеріне
арналған тарифтерді
бекіту туралы

АБА бұйрығы

АБА

2007 жылғы тамыз

       Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
      АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
      ИСМ БҚК - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады