Испания Королі Хуан Карлос I Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 3 қыркүйектегі N 242-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және Испания Королі Хуан Карлос I 2007 жылғы 4-9 қыркүйек кезеңінде Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      сапарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін;
      қосымшаға сәйкес Испания Корольдігі делегациясының мүшелеріне "1+5" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001»"Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003»"Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Испания Корольдігінің делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Испания Королі Хуан Карлос I арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      4. Астана қаласының, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының әкімдері Испан Корольдігінің делегациясын Астана қаласының, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бірге жүруді және бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына (келісім бойынша) жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2007 жылғы»3 қыркүйектегі
N 242-ө өкіміне    
қосымша    

Испания Корольдігі делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету   жөніндегі ұйымдастыру шаралары 

      1.   Испан Корольдігінің делегациясының мүшелерін Астана қаласында "1+5" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің
қызметкерлерін Астана қаласында және Испания Корольдігінің делегациясы тұратын орындарда орналастыру.
      3. Испания Корольдігінің делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      4. Испан Корольдігінің делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      5. Іс-шаралар өткізілетін жерлерді гүлмен көркемдеу.
      6. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады