"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөнідегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 244-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі  Заңын  іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомствалық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің 
2007 жылғы 4 қыркүйектегі
N 244-ө өкімімен  
бекітілген     

  "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
N

Нормативтік құқықтық
актінің атауы

Аяқтау
нысаны

Орындауға жауапты
мемлекет-
тік органдар

Орындау
мерзімі

1

2

3

4

5

1

Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу ережесін
бекіту туралы

Қазақстан
Республи-
касы Үкіметінің
қаулысы

Еңбекмині

2007
жылғы
қыркүйек

2

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір
шешімдеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу
туралы

Қазақстан
Республи-
касы Үкіметінің
қаулылары

Еңбекмині

2007
жылғы
қыркүйек

3

Оралмен куәлігінің
нысанын бекіту туралы

Еңбекмині-
нің
бұйрығы

Еңбекмині

2007
жылғы
қыркүйек

4

Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша
болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту
туралы

Еңбекмині-
нің
бұйрығы

Еңбекмині

2007
жылғы
қыркүйек

5

Оралман және босқын
мәртебелерін беру ережесін бекіту туралы

Еңбекмині-
нің
бұйрығы

Еңбекмині

2007
жылғы
қыркүйек

6

Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру
орталығында болу ережесін бекіту туралы

Еңбекмині-
нің
бұйрығы

Еңбекмині

2007
жылғы
қыркүйек

       Ескертпе:  аббревиатураның толық жазылуы:
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады