Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С.Сидорскийдің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 11 қыркүйектегі N 254-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С.Сидорскийдің 2007 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласына және 2007 жылғы 13 қыркүйекте Павлодар қаласына жұмыс сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Беларусь Республикасы делегациясының мүшелеріне "1+5" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі  (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Беларусь Республикасы делегациясы мүшелерінің Астана және Павлодар қалаларының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С.Сидорскийдің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана және Павлодар қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана және Павлодар қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа  техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі "Беларусь ЭКСПО-2007" Беларусь Республикасы ұлттық көрмесінің ашылуына қатыссын.

      6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С.Сидорский Астана қаласында болған уақытта бірге жүрсін.

      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.

      8. Астана қаласының әкімі Беларусь Республикасы делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бірге жүруді, мәдени бағдарлама, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атынанан түскі қонақасы уақытында концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      9. Павлодар облысының әкімі Беларусь Республикасының делегациясын Павлодар қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      10. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2007 жылғы 11 қыркүйектегі
N 254-ө өкіміне  
қосымша    

Беларусь Республикасы делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Беларусь Республикасы делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Рэдиссон САС" қонақ үйіне "1+5" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Беларусь Республикасы делегациясының мүшелері үшін Павлодар қаласының қонақ үйінде (деңгейі кемінде үш жұлдызды) "1+5" форматы бойынша орналастыру және тамақтандыру.
      3. Қазақстан Республкасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласының "Рэдиссон САС" қонақ үйіне және Павлодар қаласындағы қонақ үйде орналастыру.
      4. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      5. Беларусь Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      6. Беларусь Республикасы делегациясының мүшелерін Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      7. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      8. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің атынан Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің құрметіне Астана қаласында қонақасын ұйымдастыру.
      9. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады