"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің экономика саласындағы мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 тамыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 274-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған»"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің экономика саласындағы мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 тамыздағы  Заңын  іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

       Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                          2007 жылғы 27 қыркүйектегі
                                                N 274-ө өкімімен
                                                  бекітілген

     "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
   мемлекеттің экономика саласындағы мүдделерін қамтамасыз ету
   мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы"
       Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 тамыздағы
         Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
           нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/
с
N

Нормативтік құқықтық
актінің атауы

Актінің
нысаны

Орын-
дауға
жауапты
мемле-
кеттік
орган

Орындау
мерзімі

1

2

3

4

5

1

Ұлттық холдингтердің
және (немесе) ұлттық
компаниялардың не
олардың аффилиирленген
тұлғаларының, сондай-ақ
мемлекет қатысатын
өзге де заңды
тұлғалардың жарғылық
капиталдарына берілген
және (немесе) олардың
меншігінде тұрған
стратегиялық
объектілердің және
мемлекетпен
аффилиирленбеген заңды
тұлғалардың, сондай-ақ
жеке тұлғалардың
меншігінде тұрған
стратегиялық
объектілердің
тізбелерін бекіту
туралы

Қазақс-
тан
Респу-
бликасы
Үкіме-
тінің
қаулысы

ЭБЖМ
(жинақ-
тау),
ИСМ,
Қаржы-
мині,
ККМ,
ЭМРМ,
БҒМ,
АБА,
ТМРА

2007
жылғы
қыркүйек

2

Стратегиялық
объектілерге үшінші
тұлғалардың
құқықтарымен ауыртпалық
салу және оларды
иеліктен шығару
ережесін бекіту туралы

Қазақс-
тан
Респу-
бликасы
Үкіме-
тінің
қаулысы

ЭБЖМ

2007
жылғы
қыркүйек

3

Стратегиялық объектіні
сатып алудың басым
құқығын пайдалану
ережесін бекіту туралы

Қазақс-
тан
Респу-
бликасы
Үкіме-
тінің
қаулысы

ЭБЖМ

2007
жылғы
қыркүйек

4

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанынан
стратегиялық объектілер
жөнінде комиссия құру
туралы

Қазақс-
тан
Респу-
бликасы
Үкіме-
тінің
қаулысы

ЭБЖМ

2007
жылғы
қыркүйек

       Ескертпе:  аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
             жоспарлау министрлігі
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
            министрлігі
      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
             ресурстар министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс
            агенттігі
      ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
             агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады