"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 277-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған»"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  Заңын  іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) "Экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелер есебінің ережелері мен нысанын бекіту туралы" ведомстволық нормативтік құқықтық актіні әзірлесін және қабылдасын.

      3. Мемлекеттік органдар бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді»"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтірсін және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.  

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2007 жылғы 27 қыркүйектегі
N 277-ө өкімімен  
бекітілген    

  "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
N

Атауы

Актінің
нысаны

Орындалуы-
на жауапты
мемлекет-
тік орган

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Экспорттық бақылау-
ға жататын өнімнің
экспорты мен импор-
тын лицензиялау
ережесін бекіту
туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИСМ

2007 жылғы
қыркүйек

2.

Импорттаушылардың
(түпкі пайдалану-
шылардың) кепілдік
міндеттемелерін
ресімдеу және олар-
дың орындалуын
тексеру ережесін
бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИСМ

2007 жылғы
қыркүйек

3.

Экспорттық бақылау-
ға жататын өнімнің
транзитіне рұқсат
беру ережесін
бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИСМ

2007 жылғы
қыркүйек

4.

Экспорттық бақылау-
ға жататын өнімді
Қазақстан Республи-
касының кеден
аумағынан тыс жерде
өңдеуге рұқсат беру
ережесін бекіту
туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИСМ

2007 жылғы
қыркүйек

5.

Сыртқы экономика-
лық қызметке қаты-
сушылардың (өтініш
берушілердің) фир-
маішілік экспорттық
бақылау жүйесіне
қойылатын білікті-
лік талаптарын
бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИСМ

2007 жылғы
қыркүйек

6.

Экспорттық бақылау-
ға жататын өнімнің
номенклатурасын
(тізімін) бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИСМ

2007 жылғы
қыркүйек

       Ескертпе:  әріптік аббревиатураның толық жазылуы:
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады